Архив событий

01/07/2015

Борыш сомасы өндірілді

01/07/2015

Тасқала аудандық сотына азамат У-дан ЖКО салдарынан келтірілген материалдық шығынды өндіру туралы талап арызы түсті.

Талапкер талап арызында,  азамат У-дың кесірінен 2015 жылдың ақпан айында жол-көлік оқиғасына ұшырағанын көрсеткен.

ЖКО салдарынан келтірілген материалдық шығын 496 298 теңгені құраған. Осыған орай,  талапкер соттан өзінің пайдасына жауапкерден келтірілген шығын сомасын, бағалау қызметіне төленген 10 000 теңгені және 5 063 теңге мемлекеттік бажды қері қайтаруды сұраған.

Ұрыстың кеселі

01/07/2015

Тасқала аудандық сотында  ҚР ҚК-нің 107 бабының 1 бөлігімен (орташа дәрежеде денсаулыққа қасқана зиян келтіру) қылмыстық ісі қаралды

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы зайыбымен ұрыс барысында күш қолданып ұрып, соңғының денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтірген.

Қылмыстық құқықбұзушылығы үшін сот оны кінәлі деп тауып, оған осы баппен 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Залал өндіру туралы талап арыз

01/07/2015

Талапкер «КазТрансГазАймак» АҚ  жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген шығынды өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Іс материалдарына сәйкес, Газ-33021 маркалы автокөлік жүргізушісінің кінәсінен газқұбырының газ тіреуі зақымданған. Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қауылсымен жауапкер газ құбырына зақым келтіргені үшін кінәлі деп танылып ,оған 10 АЕК айыппұл салынған. Акт бойынша акционерлік қоғамға келтірілген шығын көлемі 55 920 теңгені құраған.