Архив событий

16/07/2015

Қылмыстық іс бітімгершілікпен қысқартылды

16/07/2015

Бөкей ордасы аудандық соты ҚР ҚК-нің 108 бабымен (денсаулыққа қасқана жеңіл зиян келтіру) бойынша азамат Ж-ны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы Сайқын ауылы тұрғынының жеке шағымын қарады.

Іс материалдарына сәйкес жәбірленушінің күйеуі, азамат Ж. масаң күйінде әйелін ұрып, денсаулығына жеңіл зиян келтірген.  

Сот отырысы барысында сотталушы өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, қазіргі кезде жәбірленушімен татуласып, араларындағы дауды медиация тәртібімен шешуді сұрады.

Тараптардың татуласуымен қылмыстық іс қысқартылды

16/07/2015

Қаратөбе аудандық соты ҚР ҚК-нің 188 бабы 1 бөлігімен айыптау туралы қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарды.

Іс материалдарына сәйкес, ауыл тұрғыны ауылдасының үйінде болған кезде  ұялы телефонын ұрлап, жәбірленушіге 14000 теңге материалдық шығын келтірген.

Сот қылмыстық істі ҚР ҚК-нің 68 бабының 1 бөлігінің негізінде сотталушының жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына және жәбірленушіге келтірілген зиянның қалпына келтірілуіне байланысты тоқтатты. 

Көлік құралын басқару құқығынан айырылды

16/07/2015

Бөкейорда аудандық соты алкогольдік масаң күйінде көлік құралын басқарған аудан тұрғынына қатысты әкімшілік құқықбұзушылық ісін қарады.

Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін мойындап, әрекетіне өкінетіндігін білдірді.

Соттың қаулысымен азамат А. ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлімімен кінәлі деп танып, әкімшілік жаза ретінде көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айырылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Сот ӘҚБтК 44 бөлімінің тәртібінде берілген шағымды қарады

16/07/2015

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК-нің 282 бабы 8 бөлігімен әкімшілік хаттамаға берген жеке кәсіпкердің шағымын қарады.

Сотта анықталғандай жеке кәсіпкер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексінің 472 бабы 3 тармақшасының талаптарын сақтамай, жыл сайынғы лицензиялық алымды белгіленген мерзімде, қаңтар айының 20-на дейін төлемеген.

Төлем мерзімін бұзған

16/07/2015

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзған жеке кәсіпкер П-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Электрлі қаруды заңсыз иеленген және сақтаған

16/07/2015

Бөрлі ауданының мамандандырылған әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК-ің 482 б. 1 б. (қаруды заңсыз иелену және сақтау) бойынша әкімшілік іс қарады.

Құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азамат Б. ҚР ішкі істер органдарының тиісті рұқсатынсыз, көлік салонында электрлі қару «WS 704» моделді электрошокерін заңсыз тасмалдаған.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды

16/07/2015

Бөрлі ауданының мамандандырылған әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК-ің 434 б. 1 б. бойынша әкімшілік іс қарады.

Құқық бұзушылық туралы хаттамаға сай, азамат К. коғамдық орында, азамат М-ға балағат сөздер айтып, айналасындағыларға сыламайшылық көрсетіп қоғамдық тыныштықты бұзған.

Сот отырысында азамат  К. өз кінәсін толығымен мойындап, болған оқиғаға өкінетіндігін білдірді.

Билік өкілінің заңды талаптарына бағынбаған

16/07/2015

Казталов аудандық соты ҚР ҚК 378 б. 1 б. (билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қорлау), 379 б. 1 б. (билік өкілінің заңды талабына бағынбау) бойынша екі бірдей қылмыстық теріс қылық жасаған тұлғаға үкім шығарды.

Сотта анықталғанындай, сотталушы М. алкогольдік масаң күйінде, азамат М-ның шақыруымен келген полиция қызметкерінің заңды талабына құлақ аспай, билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қорлаған.

Жеке айыптау ісі медиация тәртібімен қысқартылды

16/07/2015

Жаңақала аудандық соты ҚР ҚК-нің 108 бабы (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс қарады.

Іс материалдарынан белгілі болғандай сотталушы масаң күйінде жәбірленушіні ұрып-соғып, денсаулығына жеңіл дәрежеде зиян келтірген.

Сот отырысында жекеше айыптаушы сотталушының жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласып, келісімге келулеріне байланысты қылмыстық істі қысқартуды сұрады.

Тасқала аудандық соты жартыжылдықты қорытындылады

16/07/2015

Тасқала аудандық сонының төрағасы Ә.Ахметов 2015 жылдың 6 айында атқарған жұмыс қорытындысы бойынша жергілікті «Екпін» басылымының тілшілерінің қатысуымен  брифинг өткізді.

Кездесу барысында Ә.Ахметов 2015 жылдың 1 жарты жылдығында былғырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда қылмыстық, азаматық және әкімшілік істердің азайғандығын хабарлады. Есепті мерзімде медиация тәртібімен 35 іс, оның 19 қылмыстық, 16 азаматтық істі қарды..