Архив событий

13/07/2015

Сот үлесті ақшалай өндіру туралы талапты қанағаттандырды

13/07/2015

Талапкер талап арызбен сотқа жүгініп, өзінің екі пәтерін сатқан ақшасына,  баласы мен келініне үй салып бергенін айтқан. Келіні мен баласының отбасылық өмірі жараспай, некелері бұзылып, үй ортақ тапқан мүлік ретінде тең үлеске бөлінген.

Талапкер арызында өз үлесін баласы мен келінінен ақшалай  3 875 218 теңге өндіруді  және үй құрылысына салған ақшаның дәлелі ретінде өзінің сатқан пәтерлерінің сатып алу-сату келісімін ұсынып, үйдің ½ меншiк иесi меншік құқығын тануды талап еткен.

Заңсыз төленген зейнетақыны өндіру туралы талап арыз

13/07/2015

«ҚР ҰҚК шекара қызметі» ММ, « ҚР ҰҚК ШҚ«Батыс» өңірлік басқармасы»  ММ азамат Н-ның келісімшарт бойынша ҚР ҰҚК шекара қызметінде әскери қызметте болғанын көрсетіп, заңсыз төленген зейнетақы төлемдерін өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Жауапкер шекара қызметі департаменті директорының бұйрығымен аттестация қорытындысы бойынша қызметіне сәйкессіздігіне байланысты запасқа шығарылған.

Орал қалалық сотының төрағасы 2015 жылдың 6 айының жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізді

13/07/2015

Бүгін Орал қалалық сотында  2015 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыс  қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.

Шарада сот төрағасы ағымдағы жылдың 6 айында сот төрелігін жүзеге асырудың статистикалық мәліметтері туралы хабарлады және жаңа қылмыстық заңнаманың қолданылуы жайында түсініктеме берді.

Борышкер банкрот деп жарияланды

13/07/2015

«Орал қаласы бойынша  мемлекеттік кірістер  басқарамасы» РММ төлеуге қабілетсіз борышкер  «Б» ЖШС  банкрот деп  тану туралы арызбен сотқа  жүгініп, борышкердің қарызын өтеуге жеткілікті мүліктері мен ақша қаражатының болмауына байланысты бюджетке салық және басқа  да  міндетті төлемдер бойынша қарызы  бар  екендігін  көрсеткен.

Борышкердің  өкілі сот отырысында  мүмкіншіліктерінің жоқтығын  мойындады. Уақытша  басқарушы мен  уәкілетті орган  өкілі салық органының  арызын қанағаттандыру  мүмкіндігі туралы қорытынды шығарды.