Архив событий

15/07/2015

Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл төледі

15/07/2015

Ақжайық ауданының №2 соты ҚР ӘҚБтК 610 б. 1 б. бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасаған Томпақ ауылының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қарады.

Әкімшілік құқықбұзушылық хаттамаға сәйкес,  «Volkswaden Passat» автокөлігінің жүргізушісі көлігінің алдыңғы бөлігімен тұрғын үйге соқтығысқан

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін бұзып, құрылысты бұзғаны үшін сот азамат К-ні кінәлі деп танып, 19 820 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады.

 

 

Сот жұмысының қорытындысы бойынша семинар өтті

15/07/2015

Жәнібек аудандық сотында судьялары мен сот мамандарының қатысуымен жартыжылдық жұмысын қорытындылауға арналған кеңес өтті. Жартыжылдық жұмыс нәтижесін қорытындылай келген Жәнібек аудандық сотының төрағасы А.Бижанов облыс соттарының жұмыс сапасын бағалау мақсатында жасалған сот жүйесі мониторингінің сегіз белгісіне тоқталды.

Аудандық сотта дөңгелек үстел өтті

15/07/2015

Бүгін Жаңақала аудандық сотында ҚР Қаржы Министрінің бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік классификаторына өзгеріс енгізу туралы" тақырыбында

Балық аулау ережесін өрескел бұзған

15/07/2015

Бөрлі ауданының мамандандырылған әкімшілік соты ӘҚБтК-нің 383 б. 3 б. (балық аулау ережсін бұзу) бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қарады.

Материалдық залал өндіру туралы талап қанағаттандырылмады

15/07/2015

Азаматша А. жол-көлік оқиғасы салдарынан ауқау келтірілген автокөлікке 280 230 теңге материалдық залал өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген

Сот талқылауы барысында ЖКО болған сәтте көліктің рөлінде әкесінің көлігін ұрлап әкеткен жауапкердің ұлы болғаны анықталды. Тараптардың татуласуына байланысты  тергеушінің қаулысымен қылмыстық іс қысқартылды.  

ЖКО орын алған кезде жауапкердің көлік құралын жүргізбеуіне байланысты сот талап арызды қанағаттандырмау туралы шешім шығарды.

Сот қызметкердің құқығын қалпына келтірді

15/07/2015

Талапкер «Балдәурен» бөбекжайына жұмыстан шығару жөніндегі бұйрықтың күшін жою, жұмысқа қайта орналастыру және амалсыздан жұмыссыз жүрген уақытқа еңбек ақы өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінді.

Сот талқысы барысында жұмыс берушінің бастамасы бойынша қызметкерді жұмыстан шығаруға негіз болған жайт өз дәлелін таппағаны және қызметкер жұмыстан заңсыз шығарылғаны анықталды.

Бір күнде екі құқық бұзушылық жасаған

15/07/2015

Бөрлі ауданының мамандандырылған әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК-нің 608 б. 1 б. және 613 б. 1 б. бойынша бір күнде екі әкімшілік құқықбұзушылық жасаған азамат М-ны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Іс материалдарына сәйкес құқықбұзушы ӘҚБтК-нің 613 б. 1 б. талабын бұзып, полиция қызметкерінің көлікті тоқтату туралы ысқырық арқылы  берген заңды талабын орындамаған. Сонымен бірге ҚР ӘҚБтК-нің 608 б. 1 б. талабын бұзып, көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін, полиция қызметкерлеріне ұсталған.