Архив событий

27/07/2015

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қаралды

27/07/2015

 

Орал қалалық сотында ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібімен келісімге келуіне байланысты қысқартылды.

Іс материалдарына сай сотталушы В.Иванова танысының үйінде болған кезде үстел үстіндегі қол сөмкесінен 10 мың теңге мен банкомат карточкасын жымқырған.

Сот отырысында тараптардың медиация негізінде келісім жасасып, сотталушы  келтірілген шығынды толық өтегені анықталыд.

Қылмыстар жиынтығы бойынша сотталды

27/07/2015

Орал қалалық соты бірнеше рет ұрлық жасаған Р.Махортовқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта анықталғанындай, сотталушы түнгі уақытта тұрақта тұрған екі автокөліктен заттар ұрлап, жалпы сомасы 59 мың теңгеге шығын келтірген. Сонымен қатар, қалалық зират маңында жәбірленушінің А-ның ұялы телефонын және 40 мың теңгесін ашық түрде ұрлаған.

Оның іс-әрекеттері ҚР ҚК-нің 188б. 2б. 2,3т., 191б. 2б. 1т. сараланды. Сот Махортовқа мүлкін тәркілеумен 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындады.

 

Атқару құжатын орындамау туралы іс

27/07/2015

Теректі ауданының №2 соты ӘҚБтК-нің 669 бабы бойынша соттың үкімін орындамағаны туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Сот мәжілісінде құқық бұзушы кінәсін толық мойындап, өзінің тұрақты жұмысының жоқтығынан қаржылық қиындықтарға ұшырауына байланысты әкімшілік айыппұлды төлей алмай жүргенін көрсетті.

Икон ұрлаушыға іздеу жарияланды

27/07/2015

 

Орал қалалық сотының өндірісінде   А.Гальчанскийға қатысты ҚР ҚК-нің 193б. 2б. 2т., 24б. 3б. – 193б. 2б. 2т. (ерекше құндылығы бар заттарды жымқыру) айыпталып отырған  қылмыстық іс түскен.

Алдын-ала тергеу органдары А.Гальчанскийді «Никольский» және  «Золотая церковь» храмдарынан ерекше тарихи, мәдени құндылығы бар заттарды жымқырған деп айыптап отыр.