Іс бітімгершілікпен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бөрлі ауданының мамандандырылған әкімшілік соты азамат Б-ға. қатысты ҚР ӘҚБтК-ің 73 б 1 б бойынша әкімшілік іс қарады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сай, азамат Б. өз үйінде ұрыс шығарып, жұбайына қарсы былапыт сөздер айтып, оның тыныштығын бұзып, сыйламаушылық білдірген.

Сот отырысында азамат Б. кінәсін толық мойындап, болған оқиғаға өкініп, жұбайынан  кешірім сұрады. Соңғысы өз кезегінде оны кешірді.

Сот қаулысымен азпамат Б-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73 б. 1 б. қарастырылған  әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс тараптардың бітімгершілікке келуіне байланысты қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі