Архив событий

30/07/2015

Ұсақ ұрлық жасап сотталды

30/07/2015

Бөрлі аудандық сотында ҚР ҚК-нің 187 б. 1 б. көзделген қылмыстық теріс қылық жасаны үшін азаматша Г-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.   

Іс материалдары бойынша, сотталушы Приуральный ауылында орналасқан үйге емін-еркін кіру арқылы, сервантта тұрған 3 500 теңгені қолды қылған.

Сот отырысында сотталушы Г. кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтып, қатаң жазаламауды сұрады.

Бөрлі аудандық сотының үкімімен сотталушы ҚР ҚК 187 б. 1 б.  кінәлі деп танылып, оған қылмыстық іс-әрекеті үшін 100 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалды.

 

Шетелдің БАҚ өнімдерін таратуға тыйым салынды

30/07/2015

Орал қалалық №2 сотының шешімімен Қазақстан Республикасының барлық аумағында шетел бұқаралық ақпарат құралдарының  ғаламтор-қор www.casinoclassic.euwww.goldentigercasino.ru бар өнімдерді таратуға тыйым салынды

Аталған ғаламтор-қорлары Қазақстан Республикасының ойын -сауық бизнесі туралы Заңнамасына қайшы келетінін көрсетіп, Орал қаласының прокуроры мемлекет мүддесі үшін Орал қаласының №2 сотына жүгінген.

Ауыр дене жарақатын келтірген

30/07/2015

 

Теректі ауданының №2 сотында Ақжайық ауылының тұрғынын ҚК-нің 106 б. 2 б.  4 т. бойынша  айыптау туралы қылмыстық ісі қаралды.

Іс құжаттары бойынша жәбірленуші сотталушымен арақ ішкеннен кейін,  ішуді одан әрі жалғастыруды талап еткен. Сотталушы арақ алып келуден бас тартқанда кезде жәбірленуші оған және оның жаңұясына күш қолданатынын айтып қорқытқан.

Жасөспірімнің әрекетіне ата-ана жауапты

30/07/2015

 

Казталов ауданының №2 сотында аудан тұрғынына қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Сот көлік құралын басқару құқығын негізсіз деп таныды

30/07/2015

Орал қаласының № 2 соты талапкер «Ішкі істер Департаменті» ММ-нің азамат Н-ның көлік құралын басқару құқығын негізсіз деп тану және оны тапсыруға міндеттеу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады

Сот барысында БҚО ІІД жол полиция басқармасы азамат А-ның атына «В» санатымен көлік құралын басқару куәлігі берілгені анықталды.

Қылмыстық жаза тағайындау мәселелері талқыланды

30/07/2015

30 шілдеде Батыс Қазақстан облыстық сотында «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы №4 «Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысын оқу» тақырыбында семинар өтті.

Семинар жұмысын облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы М.И.Нағашыбаев алғы сөзбен ашты.

Айыппұл салынды

30/07/2015

Ақжайық аудандық №2 соты құқықбұзушы Хабирге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлімімен әкімшілік іс қарады.

Құқықбұзушы Хабир жол жүрісі қағидаларының талаптарын бұзып, алда жүріп келе жатырған көлікке соқтығысып, иесіне материалдық залал келтірген.

Соттың қаулысымен Хабир әкімшілік құқық бұзушылық әрекетті жасағаны үшін кінәлі деп танылып, он айлық есептік көрсеткіш көлемінде 19 820 теңге айыппұл жазасы қолданылды.

 

Сенат депутатымен кездесу

30/07/2015

Бөкей ордасы ауданы орталығында «Бес институционалды реформаларды іске асыру бойынша 100 қадам» Ұлт жоспарын халық арасында кеңінен түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы парламент сенаты депутат Р.С.Ахметовпен  болған кездесуге, аудан әкімдігінің, прокуратураның, ішкі істер бөлімінің, әділет басқармасының және басқа да мемлекеттік мекемелердің басшылары мен өкілдері сонымени бірге,Бөкей ордасы апудандық сотының төрайымы Т.С.Ғұмарова және сот мәжілісінің хатшысы А.М.Аманов қатысты.    

Судьялар атына келген алғыс

30/07/2015

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Б.Ә.Әметовтың атына БҚО сотының судьясы Т.Оразова мен БҚО Қаратөбе аудандық сотының төрайымы  Б.Ш.Жангироваға алғысын білдірген, азамат Р.Б.Исмурзиннен хат келіп түсті.

Азамат Р.Б.Исмурзин хатында мал құнын өндіру туралы азаматтық істі мұқият, жан-жақты және әділ қарағаны үшін ризашылығы мен алғысын білдірген.

Хат иесі сонымен қатар сот кеңсесінің мамандарына өз жұмыстарын жауапты және уақытылы атқарғандары үшін алғыс білдірген.

Аудандық сотта дөңгелек үстел өтті

30/07/2015

Бөрлі аудандық сотында аудандық сот төрағасының м.а. С.Р.Есжановтың, Бөрлі ауданы прокурорының орынбасары Н.М.Мусагалиевтің, Бөрлі ауданы прокурорының көмекшісі Е.Бердигалиевтің, Бөрлі ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық  бөлімінін басшысы А.Н.Дарисовтың, Бөрлі ауданының ІІБ-ның бастығының орынбасары М.М.Туленовтің қатысуымен «Азаматтардың сот  төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру» тақырыбына «дөңгелек үстел»  өтті.

Сот қылмыстық істі келісу өндірісінде қарады

30/07/2015

Бөрлі аудандық соты ҚР ҚК 188 б. 1 б. (ұрлық) қарастырылған қылмысты жасағаны үшін азамат А. қатысты қылмысты іс қарады.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, аталған тұлға автобус ішінде, жасөспірімнің қалтасынан ұялы телефонның түскенін көріп, бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау мақсатында білдірмей жерден алып, автобустан шығып, бой тасалап отырған. Өзінің қылмыстық әрекетімен жәбірленушіге 23 000 теңгеге материалдық шығын келтірген.