Архив событий

29/07/2015

Адам өліміне қатысты ЖКО бойынша үкім жарияланды

29/07/2015

29 шілдеде Орал қалалық соты ҚР ҚК-нің 345б. 3б. қарастырылған қылмысты жасаған Орал қ. Абай ПБ-нің учаскелік инспекторы А.С.Серіковке қатысты қылмыстық іс бойынша үкімді жариялады.

Алдын ала тергеу органдары А.Серіковты 28.03.2015 жылы түнде көлікті басқару кезінде жол жүру ережелерін өрескел бұзып, жаяу жүргінші қағып кеткен деп айыптаған. Алған дене жарақатының салдарынан жүргінші ЖКО болған жерде қаза болған.

Заңды өкіліне жаза қолданылды

29/07/2015

Жаңақала аудандық сотында түнгі уақытта кәмелетке толмағанның заңды өкілінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде жүру фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.

Әкімшілік хаттама қызын өзінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүруіне жол берген, 1999 ж.т. кәмелетке толмаған жасөспірімнің ата-анасына толтырылған.

Сот қаулысымен кәмелетке толмағанның заңды өкілі ҚР ӘКБтК нің 442 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде ескерту жариялаған.

Тараптардың татуласуына байланысты іс қысқартылды

29/07/2015

Сырым  аудандық сотында ҚР ҚК-нің 188 б. 1 б. ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай Сырым ауданы Қоңыр ауылының тұрғыны сол ауылдың тұрғыны Ж-ның балгаркасын  ұрлап,  қылмыс жасаған жерден бой тасалаған.

Сот отырысында сотталушы өзінің кінәсін толық мойындап, жасаған қылмысы үшін өкінетінін білдірді.

Жәбірленушіден медиация тәртібінде тараптардың татуласуына байланысты істі қысқарту туралы арызы түсті.

Жаңақала ауданында өткен кездесу

29/07/2015

Батыс Қазақстан облысының  Жаңақала ауданы орталығында облыс әкімінің орынбасары Н.Т.Төлеғалиевтің төрағалығымен «Бес институционалды реформаларды іске асыру бойынша 100 қадам» Ұлт жоспарын халық арасында кеңінен түсіндіру мақсатында облыста құрылған ақпараттық топтардың ұйымдастыруымен кездесу өтті. Аталған кездесуге Жанақала, Жәнібек, Казталов және Бөкей ордасы аудандарының сот, прокуратура, әкім аппараты, ішкі істер бөлімі, мемлекеттік кірістер бөлімі және әділет департаментінің басшылары мен өкілдері қатысты.

Аудандық сотта «100 нақты қадам» талқыланды

29/07/2015

Ақжайық  аудандық № 2 сотында «Азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Шараға Тайпақ полиция бөлімінің,  ауылдық округ әкімінің, аудандық колледждің,  кітапхананың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында сот төрағасы Г.Т.Сағитова   «100 нақты қадам»   жаңа тарихи кезеңде дамыған 30 мемлекеттің құрамына кірудің жоспары екенін атады.

Казталов аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

29/07/2015

Казталов аудандық  сотында  «Ашық есік күні»  өтті.

Дәстүрлі шараға келген азаматтарды сот төрағасы Е.Төлеев қабылдады.

Шара барысында сот төрағасының қабылдауында Теректі ауданының Ақжайық ауылының тұрғыны М.К.Күйшібекова болып, зейнеткерлікке шығуына байланысты еңбек өтілін қалпына келтіру мәселелері төңірегінде сауалдарын қойды. Ол бұрын Казталов ауданында тұрған және еңбек еткен.

Қойылған сауалдарға сот төрағасы заң тұрғысынан тұжырымды жауаптар беріді.

Жол апатын болдырып, оқиға орнынан бой тасалаған

29/07/2015

Теректі аудандық сотында «Ваз-21074» автокөлігін басқарып, алдында келе жатқан автокөлікке дейінгі ара-қашықтықты сақтамай, жаяу жүрушілер өту жолының алдында тоқтаған кезде соқтығысқан, құқық бұзушы Н-ға қатысты әкімшілік істерді қаралды.  Алған соққыдан автокөлк алға жылжып кетіп,  жаяу жүрушілерді өткізіп тұрған автокөлікке соқтығысқан. Құқықбұзушы оқиған болғаннан кейін, жауапкершіліктен жатларып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Балық аулау ережесін бұзды

29/07/2015

Теректі ауданының №2 соты балық аулау ережесін өрескел бұзған Ақсоғым ауылының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, құқықбұзушы Жайық өзенінде тиым салынған құрал - құрма ауды пайдаланып балық аулаған. Ауда жалпы салмағы 5 кг балық анықталған.

Сот қаулысымен құқықбұзушы ӘҚБтК-нің 383 бабының 3 бөлімімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік құқықбұзушылық құралдары мен бұйымдары тәркіленді.

Ата-аналар әкімшілік жауапкершлікке тартылды

29/07/2015

Қаратөбе аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы 2 бөлігімен- «кәмелетке толмағанның заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін жүруі» бойынша екі әкімшілік ісін қарады.

Іс материалдарынан анықталғандай екі жасөспірім сағат 23.30 сағатта учаскелік полиция қызметкерлеріне ұсталып, түнгі мезгілде тұрғынжайдан тыс жерде жүрулерінің себебін аналарының өздерін туысқандарының үйіне жұмсап жібергенімен түсіндірген.

Автокөлікті құжаттсыз жүргізгені үшін 20 тәулікке қамауға алынды

29/07/2015

Ақжайық ауылының тұрғыны автокөлікті көлік жүргізу құжатынсыз мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Іс материалдарына сәйкес құқықбұзушыны полиция қызметкері тоқтатып, оның  құжаттарын тексеру барысында автокөлік жүргізуге арнаулы құқықтық құжаты  болмағанын анықтаған. Медициналық куәландыру актісіне сәйкес құқық бұзушы  орта дәрежедегі алкогольмен масаю күйінде болған.

Балық аулау ережесін бұзған үшін айыппұл салынды

29/07/2015

Казталов ауданының № 2 соты азамат К-ға қатысты ӘҚБтК-нің 383 б. 3 б.  әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қарады.

Әкімшілік  хаттамадан белгілі болғанындай азамат К. Қараөзен өзенінде тыйым салынған құралдармен балық аулаған. Сот отырысында  құқықбұзушы өз кінәсін толығымен мойындап, болған оқиғаға өкініп, өзеннен балық аулайтын  ау және қайықпен  балық аулағанын көрсетті.

Сот еңбек кітапшасының тиістілігі фактісін анықтады

29/07/2015

Казталов аудандық сотында азамат М-ның еңбек кітапшасын өзінікі деп тану туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Арыз беруші М. еңбек кітапшасында жазылған аты-жөні мен жеке басын куәландыратын құжатындағы аты-жөні сәйкес келмейтінін және мұны басқа тәртіппен қалпына келтіруге мүмкіндік жоқ екенін мәлімдеп, соттан еңбек кітапшасын өзіне тиістілігін анықтап беруді сұраған.

Казталов аудандық сотының шешімімен еңбек кітапшасын өзінікі деп тану туралы арыз қанағаттандырылды.