Архив событий

22/07/2015

Қылмыстық іс келісімдік іс жүргізу өндірісімен қаралды

22/07/2015

Казталов аудандық сотында ҚР ҚК 194 б. 2 б. 1 т. (қорқытып алу) бойынша қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс материалдарынан белгілі болғандай сотталушы Д. күш қолдану арқылы бөтеннің мүлкін талап еткен.

Прокурор мен сотталушы арасында кінәні мойындау туралы процестік келісім жасалуына байланысты қылмыстық іс келісімдік іс жүргізу өндірісі тәртібінде қаралды.

БҚО қылмыстық соты үкімді жариялады

22/07/2015

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК 99 б. 1 б. бойынша Т.В. Мининаға  қатысты қылмыстық істің үкімін жариялады.

Ақжайық ауданының №2 сотында жартыжылдық қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты өтті

22/07/2015

Ақжайық аудандық №2 сотының төрайымы Г.Сағитова 2015 жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша аудандық «Жайық таңы» газетінің тілшілерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді.

Сот төрайымы аталған мерзім ішінде 11 қылмыстық,  97 әкімшілік, 72 азаматтық іс аяқталғанын, медиация тәртібімен 22 іс қаралып, оның ішінде 5 қылмыстық, 17 азаматтық іс қаралғанын хабарлады.