Архив событий

03/07/2015

Тараптар процессуалдық келісім жасады

03/07/2015

Орал қалалық соты  ҚР ҚК-нің 106б. 1б. айыпталған Ю.Бакаушинаға қатысты қылмыстық істі келісімдік іс жүргізу тәртібі бойынша қарады.

Қылмыстық іс материалдарына сай, 2015 жылдың маусым айының басында сотталушы жәбірленушімен ұрыс барысында оған пышақ сұғып алған.

Орал қаласының прокуроры және Бакаушина қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын сақтай отырып, кінәні мойындау туралы процессуалдық келісімге келген.

«Ашық есік күні»

03/07/2015

Халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сонымен қатар, сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету ету мақсатында 2015 жылдың 30 маусымында Казталов аудандық  сотында  «Ашық есік күні» өтті.