«Медиация заңын қолданудың өзекті мәселелері" тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотында "Медиация заңын қолданудың өзекті мәселелері" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараны алғы сөзбен ашқан азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Б.Бегалиев аталған заңды сот тәжірибесінде қолданудың маңыздылығын атады.  

 "Азаматтық сот процесі шеңберіндегі медиация"  тақырыбында Орал қаласының №2 сотының судьясы Ш.Шайдиева баяндады.

 Сонымен бірге, медиация туралы заңын қолдануда туындайтын мәселелер туралы кәсіби медиатор М.Хабиева әңгімеледі.

Медитативтік келісімнің орындалуы туралы кәсіби медиатор Ю.Хлопков айтып берді.

 Прокуратура өкілдері өз тараптарынан медиация туралы заңының қолданылуын бақылауды іске асыру туралы айтты.

Шара соңында тиісті ұйғарымдар қабылданды. 

 

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі