Архив событий

28/07/2015

Облыстық сотта 2015 жылдың 6 айындағы жұмыс қорытындысына арналған баспасөз маслихаты өтті

28/07/2015

28 шілдеде Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Б.Бегалиев және қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы М.Нағашыбаев облыс соттарының 2015 жылдың 6 айында атқарған жұмысы туралы БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз маслихатын өткізді.

"Заң үстемдігін қамтамасыз ету» тақырыбында жас судьялармен кездесу өтті

28/07/2015

Батыс Қазақстан облыстық сотының  медиа жоспарына сәйкес, облыстық соттың БАҚ-пен үйлестіруші, судьясы Е.Н.Боранбаев пен  облыстық соттың оқу орталығының басшысы, судья Ғ.М.Даулетқалиева  №2 Орал қалалық  сотында  «5 Институционалдық реформаны жүзеге асырудағы халық жоспарының 100 қадамы, Заң үстемдігін қамтамасыз ету»  тақырыбында  азаматтық істерді қарайтын судьялардың және тағайындалғандарына  3 жыл толмаған  жас судьялардың қатынасуларымен дөңгелек үстел өткізді.

Көлік құралын басқару құқығынан айырылды

28/07/2015

 

Тасқала ауданының А.К.Нигметуллин борюрге соқтығысқаны үшін, әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Аталған тұлға Тасқала ауылында масаң күйінде, «Daewoo Nexia» автокөлігін басқарып, Тасқала аудандық сотының алдында орналасқан бардюрге соқтығысып, «Каиров С.Г.» ЖК материалдық шығын келтірген.

Тасқала аудандық сотының қаулысымен А.К.Нигметуллин ҚР ӘҚБтК 608 б. 3 б. бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қолданылды.

Мәжбүрлеп емдеуге жіберілді

28/07/2015

Жалпақтал полиция бөлімі азамат Б-ны маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы ұсынысымен сотқа жүгінген. Медитциналық сараптама қорытындысына сәйкес, азамат Б.  2-ші сатыдағы созылмалы маскүнемдікпен науқастанған және маскүнемдіктен еріксіз емдетуді қажет етеді.

Бас бостандығынан шектеу жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылды

28/07/2015

 

Теректі аудандық №2 сотында ҚР ҚК 178 б. 2 б. «а,в» тармақтарымен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған  аз. А-ға қатысты бас бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы Теректі аудандық №2 пробациялық қызметінің материалы қаралды.

Сотталған азамат А. өзіне сотпен тағайындалған міндеттерін бұзып, салдарынан пробациялық бақылау қызметі оған 2 рет жазбаша түрде бас бостандығынан шектеу жазасын, бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы  ескертпе түріндегі шара қолданған.

Қызының тәрбиесіне анасы жауапты

28/07/2015

Тасқала аудандық  соты  жасөспірімнің заңды өкілінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болу фактісі бойынша әкімшілік іс қарады.

Іс-құжаттарына сәйкес, 1998 ж.т. қызының түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде жүруіне жол берген үшін,  кәмелетке толмаған жасөспірімнің анасына әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама рәсімделген.

Соттың қаулысымен кәмелетке толмаған жасөспірімнің заңды өкілі ҚР ӘҚБтК 442 б. 2 б. бойынша әкімшілік жауапкуершілікке тартылып, оған ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылды. 

ҚІжМАС судьясы облыстық радио бағдарламасына қатысты

28/07/2015

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Р.Хайрбеков облыстық радио толқынының «Заң аясында» бағдарламасына қатысты.

Бағдарлама барысында Р.Хайрбеков сәйкес «Сот жүйесін реформалауға бағытталған 11 қадамның мазмұны» тақырыбында облыстық радиға сұхбат берді.

Аудандық сотта дөңгелек үстел өтті

28/07/2015

Ақжайық аудандық сотында «Азаматтардың сот  төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру» тақырыбына «дөңгелек үстел»  өтті.

Аудандық соттың төрағасы А.А.Куликешев баяндамасында азаматтардың сот  төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру яғни, азаматтардың сот жүйесінің ашықтығына сенімділігін арттыру мақсатында бес  сатылы сот жүйесінен, үш сатылы сот төрелігі жүйесіне көшу деп атады.