Архив событий

10/07/2015

Қайталап құқықбұзушылық жасағаны үшін қамауға алынды

10/07/2015

Тасқала аудандық соты РФ азаматшасы Г.В.Соловьеваны ҚР ӘҚБтК 517 б. 7 б. қарастырылған әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды және 1 тәулік әкімшілік қамауға алып, ҚР аумағынан шығару туралы  жаза тағайындады.

Іс материалдарына сәйкес, бұрын да ҚР ӘҚБтК 517 б. 2 б. бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған РФ азаматшасы, бір жыл ішінде әкімшілік құқықбұзушылық жасаған, дәлірек айтқанда, заңнамамен белгіленген мерзімнен астам уақыт ішкі істер бөлімінде тіркелмей, ҚР аумағында болған.

 

 

Бөтеннің мүлкін ашық түрде ұрлаған

10/07/2015

Бөрлі ауданының соты ҚР ҚК 191 б. 1 б. (тонау) бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасаған аудан тұрғынына қатысты қылмыстық іс қарады.

Азамат К. масаң күйінде, жәбірленушінің қолындағы ұялы телефонын жұлып алып, қашып кеткен.

Сотта сотталушының материалдық шығынды толықтай өтегені белгілі болды.

Бөрлі ауданының соты бөтеннің мүлкін ашық түрде ұрлағаны үшін азамат К-ге мүлкін тәркілемей, екі жыл бостындығынан шектеу түрінде жаза тағайындады.

Келісімшарт міндеттемелерін орындамаған

10/07/2015

БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 90 573 теңге көлемінде ақша өндіру туралы азаматтық істі қарады.

АІЖК 65 б. сәйкес, әрбір тарап өзінің қойған талаптары мен қарсылықтарына  дәлелдеме келтірулері керектігіне байланысты, соттың шешімімен талап арыз қанағаттандырылмады.

Сотта татуласты

10/07/2015

Аудан тұрғыны өзін көршісінің ұрып-соққаны туралы жеке арызымен Казталов ауданының №2 сотына жүгініп, ҚР ҚК-нің 109 бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартуын сұраған. Аталған жеке шағымы соттың іс жүргізуіне қабалданып, тараптарға татуласу, оның ішінде медиация тәртібімен татуласу мүмкіндігін түсіндірді. Сот отырысында жәбірленушіден тараптардың татуласуына байланысты көршісіне қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы арыз түсті.

Процессуалдық келісім жасалды

10/07/2015

Бөрлі аудандық сотында анасының әмиянынан 15 000 теңге ұрлаған бойжеткенге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Осы іс бойынша сотқа дейін прокурор мен сотталушы арасында кінәні мойындау туралы  поцессуалдық келісім жасалды.

Сот процессуалдық келісімді қарап, азаматшаны кінәлі деп танып, 1 жыл 6 айға  бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сонымен қатар, сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына 15 000 теңге көлемінде материалдық залал және мемлекеттің пайдасына мемлекеттік бажды өндірді.

Сот процессуалдық келісім тәртібінде іс қарады

10/07/2015

Орал қалалық сотында ҚР ҚК-нің 194 б. 2б. 1,2,3 т. айыпталған Е.Махсотов және Н.Гумаровқа қатысты қылмыстық іс келісімдік іс жүргізу тәртібімен қаралды.

Алдын-ала тергеу органдары аталған тұлғаларды жәбірленушіден бірнеше рет ақша бопсалаған деп айыптап отыр.

Сотта сотталушылар кінәларын толық мойындап,  кінәні мойындау туралы процессуалдық келісімді қолдап, барлық талаптармен келісетіндерін айтты. Сонымен қатар, жәбірленушіге келтірілген шығынды өтеген.