Архив событий

17/07/2015

Қылмыстық іс медиация тәртібімен шешілді

17/07/2015

Бөрлі аудандық соты ұсақ ұрлық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қарады

Қылмысты іс материалына сәйкес, «Лигабуе Центральная Азия» ЖШС-де кофе-леди қызметін атқаратын азаматша Д-ның сөмкесінен серіктестікке тиесілі заттар табылған. Осы факті бойынша ЖШС қызметкеріне қатысты ҚР ҚК 187 б. 1 б.бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сот отырысы барысында «Лигабуе Центральная Азия» ЖШС-нің өкілі сотталушымен татуласуына байланысты істі медиация тәртібі бойынша қысқартуды сұрады.

БҚО ҚІжМАС жартыжылдықты қорытындылады

17/07/2015

17 шілдеде БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2015 жылдың жарты жылдық қорытындысы бойынша брифинг өткізді.

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қ.Шалқаров былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстыра отырып, 2015 жылдың 1-ші жартыжылдығында атқарылған жұмыс бойынша хабарлады.

БҚО жасөспірімдер соты 2015 жылдың 6 айлық жұмысын қорытындылады

17/07/2015

БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2015 жылдың бірінші жартыжылдық жұмысын қорытындылау бойынша баспасөз маслихатын өткізді.

Шараға «Мой город», «Приуралье», «Надежда», «Информбиржа» басылымдарының өкілдері шақырылды

Кездесу барысында сот төрайымы Ф.Құрманова 2015 жылдың алты айында атқарылған сот төрелігі туралы хабарлады.

Сот дауды реттеу туралы келісімді бекітті

17/07/2015

"Э" ЖШС тараптар арасында келісім жасалғанын айтып, "К" ЖК-нен 289 029 теңге берешек соманы өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Жауапкер жалгерлік келісімі негізінде жайды пайдаланғаны үшін жалгерлік төлемін уақтылы төлеп тұруды міндетіне алған. Алайда, соған қарамастан 2009 жылдың қараша айынан бері қордаланған берешек төлемін өтеу бойынша еш шара қолданбай келген.

Сот жұмысқа қайта орналастыру туралы істі қарады

17/07/2015

К.Жакашев ҚР Ауылшаруашлық министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитеті Батыс Қазақстан облысының аумақтық инспекциясының жұмыстан шығару жөніндегі бұйрығын заңсыз, бұрынғы лауазымына қайта орналастыру және амалсыздан жұмыссыз жүрген уақытқа еңбек ақы және өтемақы өндіру туралы талап арызымен Орал қаласының №2 сотына жүгінді.

Тұрақтағы көлікке соқтығысқан

17/07/2015

Бөрлі ауданының мамандандырылған әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК 610 б. б. (жүргізушілердің көлік құралының зақымдануына әкеліп соқтырған, жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережесін бұзуы) бойынша әкімшілік іс қарады.

Әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасы бойынша құқықбұзушы көлікті артқа жүргізу кезінде жол жүру қауіпсіздігін сақтамай, тұрақта тұрған көлікті қағып кеткен.

Соттың қаулысымен азамат М. кінәлі деп танылды және оған әкімшілік жаза түрінде 10 АЕК көлемінде 19 820 теңге айыппұл салынды.

 

Сот қылмыстық істі процессуалдық келісім жасаумен қарады

17/07/2015

Теректі ауданының №2 соты ҚР ҚК 191 б. 2 б. 1,3 т. (топ болып алды ала сөз байласу арқылы ашық түрде бөтеннің мүлкін ұрлау) қарастырылған қылмысты жасаған Ақжайық ауылының үш тұрғынына қатысты қылмысты іс қарады

Қылмысты іс материалдарына сәйкес, үш сотталушы көшеде жәбірленушіні тоқтатып, күштеп, арқа сөмкесін ашуын талап етіп, ішінен заттарын алып кеткен. Салдарынан жәбірленушіге келтірген  зиян 9000 теңгені құраған.

Сот шешімін орындамағаны үшін әкімшілік қамауға алынды

17/07/2015

Ақжайық аудандық соты ҚР ӘҚБтК 669 б. сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаға қатысты әкімшілік істі қарады.

Іс матеиралдарына сәйкес, құқықбұзушы Атырау қалалық сотының 2010 жылғы баласын асырап-күтуге алимент өндіру туралы бұйрығын орындамаған.

Сот талқысы барысында құқықбұзушы кінәсін толықтай мойындап, жұмысқа орналасқан бойда алимент бойынша берешегін толықтай өтейтіндігін міндетіне алды.

Казталов аудандық соты 2015 жылдың 6 айындағы жұмыс нәтижесін қорытындылады

17/07/2015

Казталов аудандық соты 2015 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша  баспасөз конференциясын өткізді.

Шараға прокуратура, ішкі істер органдарының, аудандық әкімдік, аудандық Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сот мамандары және «Ауыл айнасы» баслымының тілшілері қатысты

Баспасөз маслихаты барысында сот төрағасы Е.Б.Төлеев соттың қызметі, өткен жылдың осы мерзімімен салыстармалы түрде 2015 жылдың 6 айында сотта қаралған істер бойынша статистикалық көрсеткіштер туралы баяндады.

Заң үстемдігінің басым бағыттары

17/07/2015

Мемлекет басшысы жаңа тарихи жағдайда дамыған елдердің 30-на кіру бойынша Ұлт Жоспары бес институционалдық реформасын іске асыру жолындағы «100 нақты қадамын» белгіледі.

Бұл туралы 100.5 FМ  «Радио-Аксай» ЖШС радиотолқынынан Бөрлі аудандық сотының судьясы Азамат Сұлтантеміров сұхбат берді.

Алғыс хат

17/07/2015

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Б.Әметовтың атына Орал қалалсының тұрғыны Т.Н.Антоновадан алғыс хат түсті. Ол өз хатында: «Біз, Локтев-Антоновтар отбасы облыстық соттың кассациялық сот алқасына, бірінші кезекте облыстық соттың төрағасы ретінде Сізге мәселені әділ және дұрыс шешкендеріңіз үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.

Біз, біздің соттардың әділдігіне сенетінбіз және қандай да бір қателік болған жағдайда – оны өздері түзейді.