Архив событий

09/07/2015

Қылмыстық іс келісу өндірісінде қаралды

09/07/2015

Жаңақала аудандық соты ҚР ҚК 188 б. 1 б. (ұрлық) бойынша қылмыстық істі келісу өндірісінде қарады

Іс материалдарынан анықталғандай «Бірлік мал зауыты» ЖШС шопаны 2015 жылдың 22 мамырында еңбек демалысында бола тұра, серіктестіктің малын ұрлап, жәбірленушіге 60 000 теңгеге зиян келтірген.

Жаңақала ауданының прокуроры және айыпталушы қылмыстық-іс жүргізу заңнамасының талаптарына сай, кінәні мойындау түрінде іс жүргізу келісімін жасасты.

Көші-қон заңнамасын бұзған

09/07/2015

Бөрлі ауданының мамандандырылған әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК 517 б. 5 б. қарастырылған әкімшілік құқықбұзушылықты жасаған Өзбекстан Республикаксының азаматтарына қатысты әкімшілік істерді қарады.

Әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасынан белгілі болғандай, көші-қон полициясының қызметкерлері жұмысқа орналасу рұқсатынсыз, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз еңбек еткен, дәлірек айтқанда, ақылы түрде құрылыс жұмыстарымен айналысқан Өзбекстан Республикасының бес азаматын анықтаған.  

Қылмыстық іс бітімгершілікпен шешілді

09/07/2015

Орал қалалық соты ҚР ҚК-нің 188б. 2б. 2т. қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық жасаған Н.Берниязовқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Н.Берниязов алкогольдік масаң күйінде, жәбірленушілердің үйінде олардың жоқтығын пайдаланып, ұялы телефондарын ұрлап кеткен.

Сот отырысында сотталушы өзінің кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетіндігін сонымен қатар, келтірілген шығынды толық өтегенін көрсетті.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға арналған конкурс

09/07/2015

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының аппараты) Батыс Қазақстан облыстық сотының кеңсесі» ММ, 090006, Орал қаласы Достық даңғылы, 204 үй, анықтама үшін телефон         8 (7112) 554762, факс 554737, электронды мекенжайы: 711-0200@sud.kz, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.