Үкім жария болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК 96 бабы 1 бөлігі сотқа берілген А.Н.Ахметкалиевке қатысты үкімді жариялады

Қылмыс үстіміздегі жылдың қазан айында орын алған. Сотталушы  танысымен арақ ішу кезінде оның темекіні көп шегіп қойғанын сөз қылып,  кикілжің бастаған. Танысы бұл сөзді қорлау деп қабылдаған. Ахметкалиев өзінен біршама үлкен жәбірленушіні алдымен бірнеше рет ұрып, сосын қылмыстық ойын ақырына дейін жеткізу мақсатында кеуде тұсына бірнеше мәрте пышақ сұққан. Сосын өзінің қылмысы ақырына дейін жеткізілді деген болжаммен қылмыс болган жерден бой тасалаған.

Жан сақтау бөліміне жеткізілген жәбірленуші сол жерде есін жимастан қайтыс болған.

Сот Ахметкалиевті ҚР ҚК-ң 96 бабы 1 бөлігімен айыпты деп танып,  10  жыл мерзімге бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге тағайындады.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі