Орал қаласының МӘС жартыжылдықты қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «2015 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша сот жұмысын қорытындылау» тақырыбында баспасөз маслихаты өтті.

Шараға Орал қаласының бұқаралық ақпарат құралдары «ТДК-42» телеарнасы және «Уральская неделя», «Мой город» газеттерінің өкілдері қатысты.

Орал қ. мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы м.а Қ.Махметов сот төрелігін жүзеге асырудың жартыжылдық қорытындысы туралы хабарлады.Сот істерінің негізгі статистикалық көрсеткіштеріне сәйкес, есепті мерзімде сот іс жүргізуіне 4480 іс түскен болса, 2014 жылы аталған аралықта 6392 іс түскен, солардың ішінде 4117 іс қаралғанын, ал 2014 жылы 4889 іс қаралғанын атап көрсетті.

Аталған мерзім ішінде сотқа негізінен ұсақ бұзақылық, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының  халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер және көліктегі әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер түскен.

Сонымен қатар, төараға міндетін атқарушы өз сөзінде жиналғандарға ҚР Жоғарғы Сотының Елбасының «100 нақты қадам» страгеясын жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.

Сот төрағасының м.а. сот төлегін атқарудың жартыжылдық жұмысын қорытындылай келіп, тілшілердің сұрақтарына жауап берді.

 

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі