Орал қаласының МӘС кеңсе меңгерушісі Әділет департаментінде өткен семинар-кеңеске қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

БҚО Әділет Департаментінің атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету басқармасында аталған басқарманың бөлім басшылары және Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты кеңсесінің  кеңсе меңгерушісі А.М.Сагаденованың қатысуымен семинар-кеңес өтті.

Шара барысында әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс материалдарын «Сот кабинеті» сервисі арқылы жіберу және тіркеу бойынша мәселелері талқыланды.

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты кеңсесінің кеңсе меңгерушісі А.М.Сагаденова өз сөзінде қазіргі уақытта әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша өндірісті жүргізуге уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдары «Сот кабинеті» қызметінің мүмкіндіктерін толық көлемде қолданбайтынын айтып өтті. Осыған байланысты, қазіргі кезде әкімшілік құқықбұзушылық туралы істердің сотқа «Сот кабинеті» арқылы 100 % жолдану үшін, электрондық қызметтің осы түрін кеңінен игеру қажеттілігі туындап отыр.

Сонымен қатар, ол қызметтің тиімді жақтарын атап, әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді жедел қарауды ғана емес, сондай-ақ аталған қызмет арқылы сот актілерімен танысуға мүмкіндік беретінін айтты.

 

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі