Мамандандырылған әкімшілік сотында медициналық куәландыру жүргізу тәртібін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында психикалық белсенді затты пайдалану фактісін және мас  күйін анықтау үшін медициналық куәландыру жүргізу тәртібін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» отырысы өтті.

Талқылау судьялардың, жергілікті полиция қызметінің, БҚО ӘПБ-ның, прокуратура, облыстық наркология диспансерінің және жастар қоғамдық ұйымдастығының өкілдерінің қатысуымен өтті.

Шараны аша отырып, сот төрағасы Марат Сисенғали ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабында көзделген мас күйінде көлік басқару, жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіруге немесе көлік құралдарын мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіругені үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту шараларын түсіндірді. Сот мәліметтеріне сай ағымдағы жыл басынан аталған санат бойынша 407 жүргізуші жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 16 тұлға қамаққа алынып, 390 тұлға 3 жылдан 5 жылға дейін әртүрлі мерзімге жүргізуші куәліктерінен айырылды.

ЖПБ бастығының орынбасары Руслан Дуйсенгалиев психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну және масаң күйде болу фактісін анықтау үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мемлекеттік медициналық ұйымға медициналық куәландыруға жеткізеді.  Сонымен қатар жолдама арнайы тәртіппен толтырылады.

Облыстық наркология диспансерінің бөлім басшысы Қайыржан Халиков медициналық куәландыруді жүргізу тәртібін түсіндірді.  Оның сөзінше психикалық және соматоневрологиялық жай-күйді кешенді бағалау түріндегі клиникалық зерттеп-қарау деректері алкогольді және психиқаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты жай-күй мәселесі бойынша медициналық қорытындының негізі болып табылады.

Шара барысында қатысушылар алкогольді және психиқаға белсенді әсер ететін заттарды анықтау бойынша туындаған сұрақтарына жауаптарын алды.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі.
Тегтер: