Архив событий

08/01/2015

Ақша талап еткен жасөспірім

08/01/2015

 

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының кәмелтеке толмаған тұрғыны ауыл мектебінінің спорт алаңында, күш қолдану арқылы бөтен мүлікті иелену мақсатында қалтасында болған пышағымен екінші жасөспірімнің білек тұсына жарақат келтіріп, өзіне  100 теңге ақша  алып келуін талап еткен.

Орал қалалық сотында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы талқыланды

08/01/2015

Орал қалалық сотының жедел кеңесінде Елбасының 26.12.2014ж. Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы талқыланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын талқылау барысында  Қазақстан Президентінің алға қойып отырған ең маңызды міндеттерінің бірі  жемқорлықпен күресті күшейту мәселесі екендігі және сыбайлас жемқорлық қылмысын болдырмау үшін қажетті шаралар жасалып жатқандығы айтылды.

Зорлық жасауға оқталушы жазаланды

08/01/2015

 

Сырым аудандық сотының үкімімен зорлық жасауға оқталды деп айыпталған аудан тұрғынына қатысты үкім шығарылды.

Іс материалдарынан анықталғандай, ер адам ауылға қонаққа келген әйелді күш қолданып, зорлауға әрекет жасаған. Алайда, оқиға болған жердің терезесін әлде біреулердің  қағыуынан, ол арамза ойын соңына дейін жеткізе алмаған.

Жол көлік оқиғасы үшін кінәлі деп танылды

08/01/2015

 

Сырым ауданының тұрғыныжол-көлік оқиғасын болдырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған тұлға ВАЗ 21114 маркалы автокөлігін мас күйінде басқара отырып, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратының жанында басқа автокөлікке түйіпсі, оқиға орнынан  кетіп қалған.

Сырым аудандық сотынын қаулысымен құқықбұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 469 бабы 2 бөлімімен кінәлі деп  танылып, 1  жыл көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды.