Архив событий

21/01/2015

Казталов аудандық №2 соты жылды қорытындылады

21/01/2015

 

Казталов  ауданының №2  сотында жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының және аудандық «Ауыл айнасы» газетінің тілшілерінің қатысуымен 2014 жылдың жұмыс қорытындысына арналған баспасөз конференциясы болды.

Араздасқан ауылдастар татуласып тарасты

21/01/2015

Тасқала аудандық соты Т.Хазиуллиннің К.Д.Ажгиреевті  шаруашылығындағы малының әртүрлі аурулармен аурып, пайдалануға жатпайтындығы туралы мәліметтерді таратқан әрекеттерін заңсыз деп танып,   айтылған  сөздерін  көпшілік алдында жалған екенін  айтып  міндеттеуге және 50 000 теңге моральдық залады өндіру туралы  азаматтық ісін қарады.

Сот отырысында  талапкер мен жауапкер дауды медиация тәртібімен реттеу жөнінде келісімге келіп, істі өндірістен қысқартуға ниет білдірді.

Ерлі-зайыптылар медиация тәртібімен татуласты

21/01/2015

Тасқала ауданының тұрғыны күйеуінің себепсіз қол көтеріп, кәмелетке толмаған балаларына былапыт сөздер айтатынын көрсетіп, некені бұзу туралы талап арызымен сотқа жүгінген.

Сот отырысында ерлі-зайыптылар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, істі өндірістен қысқартуын сұраған.

Тасқала аудандық сотының ұйғарымымен талапкер мен жауапкердің араларындағы дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітіліп, некені бұзу туралы азаматтық іс қысқартылды.

 

Арыз қанағаттандырылды

21/01/2015

 

Жәнібек аудандық соты заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы азаматтық істі қарады.

Сот отырысында М. туған баласы қайтыс болғаннен кейін, оның туу туралы куәлігінде әкесінің атында бір әріптің қате жазылуынан баласынан қалған мұраны алу үшін, нотариалдық әрекеттер жасауға кедергі келтірілгенін айтқан. Осыған байланысты заңдық маңызы бар фактіні анықтауды сұраған.

Жәнібек аудандық сотының шешімімен арыз қанағаттандырылды.

Кәмелетке толмаған құрбысын мас күйге жеткізген

21/01/2015

 

БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ю-ды ҚР ӘҚБТК-нің 131 бабымен айыпты деп танып, оның үстінен 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 39 640 теңге әкімшілік айыппұл салды.

Іс материалдарынан анық болғандай, 19 жасар Ю. кәмелетке толмаған құрбысын мас күйге жеткізген.