Архив событий

28/01/2015

Орал қалалық сотында 2014 жылдың қорытындысы бойынша брифинг өтті

28/01/2015

Бүгін, Орал қалалық сотында 2014 жылдың жұмысы қорытындыланды. Брифингте жергілікті «ТДК-42», «Қазақстан-Орал» телеарналарының тілшілері   қатысты.

Аталған есептік кезеңде сот  өндірісінде 897 қылмыстық іс болып, оның 781 өндіріспен аяқталған.

Үкім шығарумен 463 қылмыстық іс қаралып, 550 тұлға сотталған.

Жаза тағайындау бойынша  бас бостандығынан айыруға 211, шартты түрде 6, бас бостандығын шектеуге 214, қоғамдық жұмыстарға 8, айыппұл түрінде 11  азаматқа қатысты сот үкімі шығарылған.

Жәнібек аудандық соты жылды қорытындылады

28/01/2015

Жәнібек аудандық сотының төрағасы А.Бижанов пен судья Н. Жұмәлі аудандық соттың 2014 жылы атқарған жұмысын қорытындылап, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа ене бастаған жаңа кодекстер бойынша жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкіліне баспасөз конференциясын өткізді.

Баспасөз конференциясында сот төрағасы А.Бижанов 2014 жылдың 12 айында 53 тұлғаға қатысты 45 қылмыстық іс, 293 азаматтық іс, 376 әкімшілік құқық бұзушылық істер қаралған айтты.

Жауапсыз әке ата-аналық құқығынан айырылды

28/01/2015

«Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» мекемесі жауапсыз әкені ата аналық құқығынан айыру туралы талап арызымен сотқа жүгінген.

Іс материалдарына анық болғандай, жауапкердің 2005 және 2007 жылы дүниеге келген кәмелетке толмаған балаларынының тәрбиесімен және оқытуымен айналыспауы салдарынан, екі бүлдіршін Орал қаласы әкімдігінің 2014 жылғы қаулысымен отбасы үлгісіндегі балалар ауылына орналастырылып, бүгінгі күнге дейін сонда тәрбиеленіп келген.  

Темекінің қалдығын тастағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

28/01/2015

 

Тасқала аудандық сотының қаулысымен Ж.Джубанышкалиев ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігінде көзделген ұсақ бұзақылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылп, оған әкімшілік жаза ретінде 19 820 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Тасқала ауылының тұрғыны Ж.Джубанышкалиевтің сыртқы  бақылау бейнекамерасы арқылы такси тұрағында  темекінің қалдығын жерге  тастағаны анықталған. Осылайша ол қоғамдық жердің тазалығын бүлдіріп, қоғамдық тәртіпті бұзып, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдірген.

Зеленов аудандық №2-ші сотында өткен жылдың жұмысы қорытындыланды

28/01/2015

 

Зеленов аудандық №2-ші сотының төрайымы Шара Кенесбайқызы Зайнуллина бұқаралық ақпарат құралдарының өкіліне баспасоз-конференциясын өткізді. Күн тәртібінде - Зеленов аудандық №2-ші сотының 2014 жылы атқарған жұмыстарын қорытындылау.