Архив событий

13/01/2015

Жалған террорист жазаланды

13/01/2015

 

Орал қалалық соты автобекет ғимаратын жармақшы болған, Орал қаласының тұрғынын үш жылға бас бостандығынан айырып, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеуге тағайындады.

Іс материалдары бойынша өткен жылдың желтоқсан айының ортасында Орал қаласының тұрғыны өзінің ұялы телефонынан автобекеттің кезекші диспетчеріне қоңырау шалып,  ғимаратты жарамын деп қорқытқан.

Оқиға орнына келіп жеткен барлық шұғыл қызмет түрлері автобекет ғимаратын тексеріп, жарғыш затты таппаған.

Ақжайық аудандық №2 сотында оқыту семинары өтті

13/01/2015

Ақжайық аудандық №2 сотының төрағасы Г.Т.Сагитованың  төрағалығымен Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған  Қылмыстық, Қылмыстық- процестік және Қылмыстық- атқару кодексін, ӘҚБтК оқыту семинары болып өтті.

Семинар жұмысына №2 Ақжайық ҚАИ инспекторы С.Сабыргалиев, Тайпақ полиция бөлімінің тергеушісі А.Адилгереев, Тайпақ полиция бөлімінің учаскелік инспекторы А.Уразбеков және сот мамандары қатысты.

Қоғамдық орынды ластаған жауапкершілікке тартылды

13/01/2015

 

Казталов аудандық сотының қаулысымен аудан тұрғыны Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434 бабының  1 бөлігімен қарастырылған әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Құқық бұзушы Тереңкөл ауылдық округінің әкімшілік аппаратының ғимаратының ішінде темекінің қалдығын еденге тастап, қоғамдық орынды ластағаны анықталған..

Сот кінәліні бір тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын белгіледі.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Жаңа заңнаманы қолдану жөніндегі семинар

13/01/2015

 

Батыс Қазақстан облыстық сотында  қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы М.И.Нағашыбаевтың төрағалығымен жаңа қылмыстық-атқарушылық кодексінің негізгі мәселелерін талқылау бойынша  семинар-кеңес өтті.

Шараға облыс соттарының судьялары, облыстың прокуратура және қылмыстық атқару жүйесінің өкілдері қатысты.

Кездесуде  2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне ене бастаған жаңа қылмыстық-атқарушылық кодексі бойынша әріқарай жұмыстанудың негізгі тұстары талқыға салынды.

Конкурстық комиссияның оң қортындысын алған және тағайындауға ұсынылған үміткерлер

13/01/2015

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының аппараты) Батыс Қазақстан облыстық сотының кеңсесі» ММ, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына конкурс.

Конкурстық комиссияның оң қортындысын алған және тағайындауға ұсынылған үміткерлердің тізімі.

1.Айнур Максутовна Искакованы Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің соттардың инфрақұрылымын қамтамасыз ету және дамыту бөлімінің жетекші маманы.