Архив событий

27/01/2015

Қылмыстық-құқықтық тақырып бойынша өткен дөңгелек үстел

27/01/2015

 

Бүгін Бөрлі аудандық сотынының сот отырысы залында соттың ұйымдастыруымен  қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық мәселелері талқыланған «дөңгелек үстел»  өтті. Шараға аудандық соттың судьялары және аудандық прокуратураның қызметкерлері қатысты.

Шараға қатысушылар өзгертілген жаңа Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекс пен Қылмыстық процестік кодексін жан-жақты талқылауда белсенді қатысып, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.

Батыс Қазақстан облыстық сотының алқа төрағалары тікелей эфирден сұхбат берді

27/01/2015

 

Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы М.Нағашыбаев пен азаматтық және әкімшілік ісчтер жөніндегі апелляциялық сот алақсының төрағасы Б.Бегалиев облыстық Қазақстан-Орал телеарнасының «Заңға сүйен» бағдарламасына шығып, тікелей эфирден сұхбат берді.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес және оны болдырмау мақсатындағы семинар сабағы

27/01/2015

 

27 қаңтар күні Бөкей ордасы аудандық сотында сот мамандары және Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік күзет қызметінің басқармасы мемлекеттік мекемесі 2-ші полиция батальоны Бөкей ордасы ауданы бойынша бөлім полицияларының  қатынасуымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес және оны болдырмау» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағында сыбайлас жемқорлық туралы заңдарға қатысты жауаптылық және сот ғимаратына келуші тұлғаларға қатысты мәселелер талқыланды. Көкейтесті сұрақтарға жауаптар беріліп, пікірлер ортаға салынды.