Архив событий

20/01/2015

Қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

20/01/2015

20.01.2015 жылы Бөрлі аудандық сотының тергеу судьясы Марат Сисенғали жергілікті БАҚ құралдарының өкілдеріне брифинг өткізді. Сот 2015 жылғы 10 қаңтарда Ақсай қаласындағы «Ривьера» мейрамханасында орын алған қылмыс бойынша екінші күдіктіге қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуға рұқсат берді.

Медициналық анықтама жарамсыз деп танылды

20/01/2015

Орал қаласының №2 қалалық сотында талапкер «БҚО Ішкі істер басқармасы» ММ-нің А.Романовқа және «Облыстық наркологиялық диспансері» МКҚМ-не медициналық анықтаманы заңсыз және жүргізуші куәлігін жарамсыз деп тану туралы арызы қаралды.

«БҚО Ішкі істер басқармасы» ММ тексеріс кезінде А.Романовтың «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» МКҚМ-да тіркеуде тұрғаны анықталғаны жөніндегі арызымен сотқа жүгінген. Облыстық наркологиялық диспансері оған көлік құралдарын басқаруға жарамдылығы туралы медициналық анықтама берген.

Иесіз қалған мүлік коммуналдық меншікке ауысты

20/01/2015

 

Ақсай қаласының тұрғыны  С.  91 жасына қараған шағында 2007 жылдың мамыр айында қайтыс болған. Оның артында Ақсай қаласында жекешелендірілген пәтері қалған. Аталған жылжымайтын мүлікті  ешкім өсиет бойынша да, заң бойынша да мұраға қабылдамаған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1083 бабына сәйкес, егер өсиет бойынша да заң бойынша да, мұрагерлер болмаса не мұрагерлердiң ешқайсысының мұра алуға құқығы болмаса, не олардың бірі мұрадан бас тартса,  мұра иесiз қалған мүлік деп танылады.