Архив событий

29/01/2015

Айдауыл қызметкеріне қатысты сот үкімі жария болды

29/01/2015

Орал қалалық сотында бопсалау, алаяқтық, пара беруге итермелеу  белгілерімен қылмыс жасаған БҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы басқармасы айдауыл қызметінің полиция сержанты Куспановқа қатысты  қылмыстық істің үкімі жарияланды.

Полиция қызметкері қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалана отырып, қылмыстық іс бойынша күдіктіні ірі көлемде  пара беруге итермелеген.

Облыстық соттың төрағасы 2014 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз маслихатын өткізді

29/01/2015

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов 2014 жылдың қорытындысы бойынша республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының журналистерімен баспасөз конференциясын өткізді. Шараға апелляциялық сот алқаларының төрағалары және облыстық соттың судьяларының қатысты

Қылмыстық теріс қылық өндірісінің ерекшеліктері тақырыбындағы семинар

29/01/2015

Тасқала аудандық сотында «Қылмыстық теріс қылық өндірісінің ерекшеліктері» тақырыбын семинар өтті.

Іс-шараға  аудандық соттың судьялары, прокуратура және ішкі істер бөлімінің өкілдері қатысты.

Семинар барысында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық  кодексінің өзгерістер және қылмыстық теріс қылық мәселелерін құқықтық тәжірибеде қолдануы талқыланды.

Бұрынғы жұмысына қайта орналастырылды

29/01/2015

Казталов ауданының №2 соты талапкер Г.Кусайнованың «Балдәурен» бөбекжайының бұйрығының күшін жою және жұмысқа қайтадан орналастыру туралы азаматтық ісін қарады.

Көлік жүргізу құқығы жоқ мас жүргізуші қамауға алынды

29/01/2015

Казталов ауданының №2 соты ӘҚБК-нің 608 бабының 6 бөлімімен әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы істі қарады.

Іс материалдары бойынша құқық бұзушы Ерғалиев Талдықұдық-Жалпақтал автожолында көлік жүргізу құқы жоқ бола тұра, ВАЗ-2103 маркалы автокөлігін алкогольдік ішімдік ішкен күйінде басқарып, жол ережесінің 2.4.2 тармағын бұзған.

Казталов ауданының №2 сотының шешімімен Ерғалиев кінәлі деп танылып, оған 20 тәулік мерзімге қамауға алу жазасы тағайындалды.

Қылмыстық теріс қылығы үшін жазаланды

29/01/2015

Казталов аудандық соты Қылмыстық Кодексінің  378 бабының 1 бөлігімен қылмыстық іс қарады.

Істің материалдарынан анықталғандай, Казталов ауылының тұрғыны  зайыбының шақыртуы бойынша келген Казталов аудандық ішкі істер бөлімінің полиция қызметкерін өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде балағаттап қорлаған.

Соттың үкімімен аталмыш азамат ҚК 378 б. 1 б. кінәлі деп танылып, оған 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 49550 теңге айыппұл салу түріндегі жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Көтерме жәрдемақыны өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылды

29/01/2015

 

Тасқала аудандық сотында «Зеленов аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің көтерме жәрдемақы сомманы өндіру туралы арызы қаралды.

Іс материалдарынан анық болғанындай, жауапкер Д.Мусина 2011 жылы маман ретінде ауылдық елді мекендерде жұмыс істеу  әлеуметтік қолдау бойынша, Өркен ауылы Степнов жалпы орта білім беретін мектебіне жолданып, Зеленов аудандық әкімінің қаулысымен 105 840 теңге көтерме жәрдемақы берілген.

Заңдық маңызы бар факті анықталды

29/01/2015

Тасқала аудандық сотында заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы іс қаралды.

Сотта талапкер Ж.Айтенова 04.08.1980 жылдан 11.03.1996 жылға дейін Камен аудандық «Мир» кинотеатрда инженер болып жұмыс  істегенін, бұл туралы еңбек кітапшасында жазылып, мөр койылғанын көрсеткен. Алайда, Камен аудандық кинотеатрының  құжаттарды аудандық мұрағаттың мемлекеттік сақтауына тапсырмауынан, оның еңбек еткен жылдарын анықтауға басқалай мүмкіндік жоқтығын айтып, соттан анықтауын сұраған.