Архив событий

05/01/2015

Облыстық сотта тағайындау болды

05/01/2015

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындпау және қызметтен босату туралы» 24.12.2014ж. №983 Жарлығымен Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы лауазымына Орал қалалық №2 сотының судьясы  қызметін атқарған Дәулетқалиева Ғалия Манарбекқызы тағайындалды.

Мүлкін уақтылы тіркемегені үшін айыппұл төледі

05/01/2015

 

Ақжайық аудандық соты мүлкін уақтылы тіркемеу бойынша әкімшілік іс қарады.

«Қасым»  шаруа қожалығына шаруасын жүргізу үшін Ақжайық ауданы әкімдігінен 2012 жылы 930,0 га жер учаскесі берілген. Соның негізінде  жер учаскесін пайдалану  құқығын беретін  акті рәсімделіп, жер учаскесін жалға алу келісім-шарты дайындалған. Алайда, бұл құжаттар тек 14.10.2014ж. жылы ғана мемлекеттік тіркеуден өткен. Осылайша мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің белгіленген мерзімі бұзылған.

Туған қызын балағаттағаны үшін жазаланды

05/01/2015

 

Казталоваудандық сотыҚРӘҚБтК-нің 79-5 бабының 2 бөлігімен  көзделген азамат С. қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы С. үйінде ішімдік ішкен мас күйінде өз қызына  былапыт сөздер айтып, боқтап балағаттаған. Салдарынан әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 79-5б. 2б. қайталап құқыққа қарсы іс-әрекет жасаған. 

Сеніп тапсырған жылқыларды сатып жіберген

05/01/2015

 

Казталов аудандық соты ҚР ҚК-нің 176 бабының 1 бөлігімен, яғни сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету бойынша қылмыс жасады деп танылған азамат Ш. қылмыстық жауапкершілікке тартты.

Қылмыстық іс құжаттарына сай, азамат Ш. үстіміздегі жылдың қараша айында  Қараоба ауылының тұрғынының сеніп тапсырған екі бас жылқысын сатып жіберіп, мүлік иесіне 450000 теңгеге зиян келтірген.

Соттың үкімімен азамат Ш. 1 жыл мерзiмге бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды.

Адам шығынана әкеліп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша істің үкімі

05/01/2015

 

Ақжайық аудандық соты екі бірдей адам қаза болған ЖКО фактісі бойынша қылмыстық істі қарады.

2014 жылдың қазан айында БҚО Ақжайық ауданы аумағындағы Чапаев-Казталов күре жолында  мас күйінде өзінің сенімхат арқылы жүргізіп жүрген Газ-3102 автокөлігімен жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, қарсы бағытқа шығып, «Лада» маркалы автокөлігіне соқтығысқан. Орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан  екі адам қайтыс болған.

Ұсақ бұзақылық жасап, айыппұл төледі

05/01/2015

 

Тасқала ауылының тұрғыны дүкеннің сатушысын балағаттап, ұсақ бұзақылықты жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тасқала аудандық сотының қаулысымен аудан тұрғыны ӘҚБтК-нің 330 бабының 1 бөлігін кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 3 айлық есептік көрсеткіште, яғни 5 556  теңге мемлекет пайдасына айыппұл салынды.