Архив событий

23/01/2015

БҚО мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар және қылмыстық істер жөнінідегі соттары жылды қорытындылады

23/01/2015

 

БҚО мамандандырылған ауданаралық  кәмелетке толмағандар және қылмыстық істер жөнінідегі соттарының төрайымдары 2014 жылдың қорытындысы бойынша бұқараалық ақпарат құралдарына өкілдеріне баспасөз конференциясын өткізді.

Баспасөз конференциясында 2014 жылдың қорытындысы бойынша өткен жылмен салыстырмалы түрдегі статистикалық мәліметтері, сот ісін жүргізуде  қолданысқа енгізіле бастаған жаңа технологиялар, Елбасының және Жоғарғы сот төрағасының алға қойған міндеттерін орындау барысы туралы айтылды.

«Салық заңнамасын қолдану тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

23/01/2015

 

Бүгін, Батыс Қазақстан облыстық сотында азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Б.Ә.Бегалиевтің төрағалығымен  «Салық заңнамасын қолдану туралы сот тәжірибесі» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына Батыс Қазақстан облыстық сотының, БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары, БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, БҚО кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Аудандық соттарда сот төрелігін атқарудың 2014 жылғы жұмысы қорытындыланды

23/01/2015

Тасқала, Казталов, Қаратөбе және Жаңақала аудандық соттарында жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2014 жылдың қорытындысы бойынша брифинг өтті.

Брифингте сот төрағалары тілшілерге сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарылған іс-шараларды қорытындылап, сот өндірісіне түскен және аяқталған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер мен олардың қарау нәтижелері туралы статистикалық мәліметтер келтіріп, қоғамдық серпіліс тудырған істер туралы айтып берді.