Архив событий

12/01/2015

Бұзақылығы үшін бір жылға бас бостандығынан шектелді

12/01/2015

 

Жаңақала аудандық сотында аудане тұрғыны С-ға қатысты ҚР ӘҚБК-нің 257б. 1б. әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы әкімшілік қаралды.

Іс-материалдарынан мәлім болғанындай, сотталушы өзінің дос жігітінен, өзіне бейтаныс  қыздың өзі туралы сұрағанын естіп, соңғыны көшеде кездестіріп, оған былапыт сөздер айтып, бетінен ұрып  жіберген. Сараптама қорытындысына сәйкес, жәбірленушіге жеңіл дәрежелі жарақаттар келтірген.

Сот отырысында жәбірленуші сотталушыға кешірім бермейтінін көрсетті.

Шетелдік азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылды

12/01/2015

 

Жәнібек аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабының 2 бөлігі бойынша әкімшілік істі қарады.

Іс материалдарынанан анықталғанындай, Жәнібек аудандық көші-қон полициясы тобының инспекторы Жәнібек ауданы бойынша паспорттық режимді тексеру барысында Өзбекістан Республикасының азаматшасы өзінің уақытша тіркелген мекен-жайы Жәнібек ауылында тұрмай, өзге мекен-жайда тұрып, көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағанын анықтаған.

Қамауға алуға санкция берілді

12/01/2015

 

Орал қалалық соты Батыс Қазақстан облысының 4 тұрғынына қатысты 2 айға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Аталған тұлғалар Орал қаласындағы дүкенге қарақшылық шабуылын жасады деп айыпталған.

Медициналық бетперде киіп, шолақ мылтықпен қаруланған олар «Лада Приора» автокөлігімен қала сыртындағы дүкенге келген.