Архив событий

09/01/2015

ЖКО болдырғаны үшін қамауға алынды

09/01/2015

 

Тасқала ауданының тұрғыны жол-көлік оқиғасын болдырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аталған тұлға көлік жүргізу құқығы жоқ бола тұра, «Лада-21074» автокөлігімен  үйдің  қоршауына соқтығысып, оқиға орнынан кетіп қалған. Салдарынан көліктің және соқтығысқан қоршаудың иесіне   материалдық залал келтіген.

Теректі ауданында жаңа заңнама нормалары түсіндірілді

09/01/2015

 

Теректі аудандық сотының төрайымы З.Джумашеваның қатысуымен Теректі аудандық ішкі істер бөлімінде «Жаңа әкімшілік құқықбұзушылық туралы» заңнаманың нормаларын түсіндіру» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

Шараға сот төрайымы мен сот мамандары, Теректі аудандық  ІІБ басшысы А.Ескалиев, аудан прокуроры А.М.Бискалиев, прокурордың көмекшісі С.Тасимов және Теректі аудандық ІІБ полициясының учаскелік инспекторлары қатысты.