Архив событий

06/01/2015

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурсқа қатысушылармен әнгімелесу

06/01/2015

«Батыс Қазақстан облыстық сотының кеңсесі» ММ-не бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурсқа қатысушылармен  әнгімелесу 2015 жылдың 08 қаңтарында сағат 14.30-да  Орал қаласы, Достық даңғылы, 204 үй мекен-жайында өткізіледі (Батыс Қазақстан облыстық соты ғимараты).    

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімі

Батыс Қазақстан облысы соттарында сот медиациясы іске асырылуда

06/01/2015

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен бекітілген, азаматтық сот өндірісіне судьяның қатысуымен бітімгершілік рәсімдерді (сот медиациясын) енгізудің пилоттық жобасын іске асыру мақсатында  2014 жылдың маусым-желтоқсан айлары аралығында Батыс  Қазақстан облысы соттарында сот медиациясын қолдану арқылы 636 азаматтық іс қаралып, барлық істер бойынша бітімгершілік келісімдері бекітілді.

Судьялардың қатысуымен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімін жүргізу пилоттық жобасына 12 бітімгер-судья қатысты.

Банкке берешек сомма өндірілді

06/01/2015

 

«Дебиторлармен жұмыс жасау бюросы» ЖШС аудан тұрғынынан заем шарты бойынша берешекті өндіру туралы талап арызымен Бөрлі аудандық сотына жүгінген.

Талапкердің өкілінің айтуынша,  2007 жылғы банктік заем шарты бойынша «АльянсБанк» АҚ азаматша Г-мен  2009 жылға дейін 800 000 теңге несие қаражатын беру туралы банктік заем шартын  жасасқан. Міндеттелген заем шарттарын тісті орындамауына байланысты, банкі факторинг шарты бойынша борышкерден талап ету құқығын  «Дебиторлармен жұмыс жасау бюросы» ЖШС берген.