Архив событий

23/09/2016

БҚО МАЭС судьясы Н.Сейдахметова зияткерлік меншік құқығын қорғау туралы сот диалогына қатысты

23/09/2016

БҚО МАЭС судьясы Найля Сейдахметова «Жаһандық зияткерлік меншік академиясы» патенттер мен тауарлық белгілер бойынша АҚШ ведомствасымен ұйымдастырылған зияткерлік меншік құқығын қорғау туралы сот диалогына қатысты.

Кассациялық сатыда қаралған істердің қорытындысына шолу жасалды

23/09/2016

Батыс Қазақстан облыстық сотында облыстық, аудандық және  оған теңестірілген соттардың судьяларының қатысуымен «Кассациялық сатыда қылмыстық істерді қарау тәжірибесі» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Семинарды облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының  төрағасы М.Нағашыбаев алғы сөзбен ашты.

Сот қызметкерлері «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту» тақырыбындағы дөнгелек үстелге қатысты

23/09/2016

Тасқала аудандық сотының қызметкерлері  Әділет басқармасында   «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту»  тақырыбында  өткен дөңгелек үстелге қатысты.

Шараның өткізілу мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бағытын түсіндіру.

Облыстық соттың судьяларының қатысуымен семинар кеңес өтті

23/09/2016

Батыс Қазақстан облыстық сотының Бөкейордасы, Казталов және Жәнібек аудандық соттарына істерді және материалдарды қарау бойынша тәжірибелік көмек көрсету сонымен қатар, сот ісін жүргізуді ұйымдастыру бойынша 2016 жылдың екінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, облыстық соттың   судьялары Е.Боранбаев пен М.Бақтығұлов аудандық прокуратура, АІІБ өкілдерінің және сот қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өткізді.

Жұмыс беруші еңбек ақы бойынша берешкті өндіру туралы талапты мойындады

23/09/2016

Орал қаласының №2 соты, талапкер Тищенконың АҚ «Орал қаласының Металлконструкторлық және мырыш-қаптау  заводынан» еңбек ақыны өндіру туралы талап арызын қарады. Талапкер жауапкермен 01.01.2008 жыл мен 05.01.2015 жылдары аралығында заңгер кеңесші қызметінде еңбек қатынасында тұрғандығын негіздеп сотқа жүгінді.

Орал қалалық сотында сот ғимараттарына өткізуді қамтамасыз ету тәртібінің ережесі талқыланды

23/09/2016

Орал қалалық сотында «Батыс Қазақстан облысының аудандық және оған теңестірілген соттарының ғимаратына өткізу және объектілік режимді қамтамасыз ету тәртібі туралы» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға Орал қалалық сотының кеңсе меңгерушісі С.Кайсарова, сот приставтары және Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері қатысты.