Архив событий

28/09/2016

Медиаторлармен кездесу

28/09/2016

Сот төрағасы М.Шингалиев әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында Көшім селолық округіндегі жұмысын атқарып тұрған медиатор кабинетінде болып қайтты.

«Медиация рәсімі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

28/09/2016

Зеленов аудандық соты төрағасының бастамасымен, аудандық сотты медиация рәсімін түсіндіру, насихаттауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге прокуратура, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, кәсіби емес медиаторлар, аудандық сот қызметкерлері мен Переметный ауылдық округ тұрғындары қатысты.

Қаруды заңсыз сақтағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған

28/09/2016

Казталов аудандық соты ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен (ішкі істер органдарында тіркелмеген қаруды заңсыз сақтау) жинақталған әкімшілік істі қарады.

Істің мәні бойынша, құқық бұзушы № 921183373 «ИЖ 18-ЕМ-М» маркалы, 12-калибрлі бір ұнғылы аңшылық қаруын ішкі істер органдарына тіркемей заңсыз сақтаған.

Электрлі қаруды заңсыз сақтап, тасымалдаған

28/09/2016

Зеленов ауданының №2 соты ҚР ӘҚБтК-ің 482 б. 1 б. (қаруды заңсыз сақтау мен тасымалдау)  бойынша әкімшілік іс қарады.

Әкімшілік құқық бұзушылық хаттамаға сәйкес,  07.09.2016 жылы «Сырым» шеқара бақылау бөлімінің қызметкерлері Тараз қаласының тұрғынының автокөлігіне тексеру жүргізгенде «LUMENS» электрошокерін тапқан.

Жеке айыптау ісі медиация тәртібімен қысқартылды

28/09/2016

Зеленов ауданының №2 соты ҚР ҚК-нің 149 бабы  1 бөлімі (тұрғынжайға онда тұратын адамның еркiнен тыс заңсыз басып кiру) бойынша қылмыстық іс қарады.

Сот отырысында жекеше айыптаушы сотталушының жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласып, келісімге келулеріне байланысты қылмыстық істі қысқартуды сұрады.