Облыстық соттың судьяларының қатысуымен семинар кеңес өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотының Бөкейордасы, Казталов және Жәнібек аудандық соттарына істерді және материалдарды қарау бойынша тәжірибелік көмек көрсету сонымен қатар, сот ісін жүргізуді ұйымдастыру бойынша 2016 жылдың екінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, облыстық соттың   судьялары Е.Боранбаев пен М.Бақтығұлов аудандық прокуратура, АІІБ өкілдерінің және сот қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өткізді.

Шара барысында сот жүйесіне қатысты «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары бойынша атқарылған жұмыстар, сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстардың, Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының қолдану аясын кеңітудің маңыздылығы талқыланды.  Үстіміздегі жылдың қазан айында өтетін республика судьяларының кезектен тыс VII съезі туралы бұқаралық ақпарат құралдарымен бірігіп атқарылатын жұмыстар жөнінде пікірлер айтылып, жаңа қабылданатын судьялардың Әдеп кодексінің жобасы туралы ойлар ортаға салынды. БАҚ-пен жұмысты жандандыру, өз ара ынтықмақтастық мәселелері көтерілді. Сонымен қатар аудандық сотқа тәжирибелік және әдістемелік көмек көрсетілді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: