Архив событий

29/09/2016

Жасөспірімдер соты «Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар» тақырыбында семинар өткізді

29/09/2016

БҚО-ның кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі Ш.Тұңғатарова «Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Семинарға кеңсе мамандары қатысты.

Заңдық маңызы бар факті анықталды

29/09/2016

Теректі аудандық №2-ші соты 2016 жылдың 9 айында заңдық маңызы бар фактіні анықтау- қайтыс болуды тіркеу туралы 6 азаматтық іс қарады.

Тараптар келісімге келді

29/09/2016

Ақжайық аудандық соты материалдық және моральдық залалды өндіру туралы азаматтық ісін қарады.

Сот отырысында  тараптар татуласу келісімін жасау туралы өтініш түсіріп, бұл келісім бойынша талапкер талабынан бас тартып, ал жауапкер 136 000 теңге мөлшерінде материалдық шығынды 20.10.2016ж. өтеу туралы міндеттеме алған.

Полиция қызметкеріне бағынбағаны үшін сотталды

29/09/2016

Қаратөбе аудандық соты ҚР ҚК-нің 378-бабы 1-бөлігімен, 379-бабы 1-бөлігімен және 380-бабы 1 бөлігімен билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбау, қорлау және күш қолдану белгілерімен қозғалған қылмыстық істі қарады.

Мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды

29/09/2016

Казталов ауданының №2 соты аудандық №2-ші пробация қызметінің  ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша 2 жыл, 6 айға бос бостандығынан шектеу жазасына сотталған азаматқа  қатысты бас бостандығынан шектеу жазасының өтелмеген бөлігін мерзімнен  бұрын  шартты  түрде  босату  туралы ұсынысы бойынша материал қарады.

Қызы мен анасының ортасындағы дау медиация тәртібімен реттелді

29/09/2016

Талапкер ауылдық округі ветеринариялық дәрігерінің ақпараты бойынша өз атына тіркелген 9 бас ірі қара малын өзінің қызы, жауапкер иеленіп отырғанын көрсетіп, 9 бас малын немесе малының 900 000 теңге құнын және мемлекеттік баж салығы үшін төленген 9000 теңгені өндіру туралы талап арызбен Бөкей ордасы аудандық сотына жүгінді.