Архив событий

21/09/2016

Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін әкімшілік қамауға алынды

21/09/2016

Казталов  аудандық  соты  ҚР ӘҚБтК 461- бабымен (ішкі істер органымен шығарылған қорғау нұсқамасын бұзу) әкімшілік істі қарады.

Сотта істі қарау барысында анықталғандай, Казталов аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері құқық бұзушыға қатысты  қорғау нұсқамасын толтырған.

Казталов аудандық прокуратурасында мемлекеттік және құқыққорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу өтті

21/09/2016

Казталов ауданы прокуратурасында аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Р.Каженовтың

Сонымен қатар, аудан прокурорының көмекшісі Е.Сафаров, № 1, 2 аудандық пробация қызметінің инспекторлары А.Имангалиев, Е.Адиетовтың қатысуларымен кездесу өтті.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді толтыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

21/09/2016

Казталов ауданының №2 сотында  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді толтырудағы мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұдан басқа, осы отырыста әкімшілік істерді сот кабинеті арқылы жіберудегі мәселелері де талқыланды.

Дөңгелек үстелге жергілікті  полиция қызметінің қызметкерлері, Жалпақтал аумақтық учаскесінің сот орындаушысы қатысты.

Медиацияның көмегімен екі отбасы сақталды

21/09/2016

Зеленов  ауданының №2 соты некені бұзу туралы екі азаматтық істер бойынша медиация келісімін бекітті.

Сот отырысы барысында төрелік етуші судья заң талаптарына сай туындаған дауды медиация тәртібімен бітімгершілікке келу мүмкін екенін түсіндіргеннен кейін, тараптар Дариян ауылдық округінің кәсіби емес медиаторының қызметіне жүгінді.