Архив событий

02/09/2016

Талапты ішінара қанағаттандырылды

02/09/2016

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты ЖШС-нің 4 315 761 теңге берешегін, 1 749 620 теңге айыппұл өндіру жөніндегі талабы бойынша азаматтық істі қарады.

Сот талапты қанағаттандырды

02/09/2016

Батыс Қазақстан облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер  мемлекет мүддесінде Орал қаласы прокурорының жауапкер  «НикТрансОйл» ЖШС-не, «БҚО Әділет Департаменті» ММ-не заңды тұлға ретінде «НикТрансОйл» ЖШС-нің мемлекеттік тіркелуінің күшін жою туралы талабы қанағаттандырылды.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген

02/09/2016

Теректі аудандық соты Жаңа өмір ауылының тұрғынын ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігімен (адам өміріне қауіпті, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) айыптау жөнінде қылмыстық істі қарады.

Электрошокер сақтаған азамат әкімшілік жазаға тартылды

02/09/2016

Бөрлі аудандық сотында әкімшілік іс қаралды.
Іс материалдары бойынша Бөрлі ауданының ІІБ полиция қызметкерлері тіркеу бекетінде  тексеру барысында құқықбұзушыдан тіркелмеген «888-TYPEW» маркалы электрошокерін әшкерлеген.
Сот отырысы барысында құқықбұзушы өз кінәсін мойындап, тауарды бір  жыл бұрын Орынбор қаласы базарынан сатып алғанын айтты. Бұл  қаруды Бөрлі ауданының ІІБ тіркеу керек екнін және элетрлік қаруға жататындығын білмегенін  мәлімдеді.

Қылмыстық іс бойынша процессуалдық келісім жасалды

02/09/2016

Зеленов ауданының №2  сотында ҚР ҚК-нің 389 б. 4 б.  қылмыстық іс келісімдік іс жүргізу тәртібімен қаралды.

Зеленов ауданының  прокуроры және сотталушы қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын сақтай отырып, кінәні мойындау туралы процессуалдық келісімге келген.

Көлік салығын өндіру туралы сот бұйрығы бұзылды

02/09/2016
Теректі аудандық №2-ші соты арыз беруші Орал қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы бережақ- Ақжайық ауылының тұрғынынан көлік құралдарының салығын өндіру туралы азаматтық ісін қарады.

Казталов аудандық сотының судьясы алғыс хатпен марапатталды

02/09/2016

Казталов аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі «Спорт күні» кәсіби мерекесіне және Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған спорттық шараларға қатысып, Казталов өңірі спортының дамуына үлес қосып, спорттық шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына белсене араласқаны үшін аудандық соттың судьясы А.Жамантаеваны алғыс хатпен марапаттады.

Тараптар дауды медиация арқылы реттеді

02/09/2016

Казталов аудандық соты берешек соманы өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Сотпен анықталғандай, жауапкер 2015 жылдың маусым айында талапкерден қарызға 11 000 теңгеге азық-түлік тауарларын алған. Алайда, осы күнге дейін жауапкер талапкерге әртүрлі сылтаулармен бережақ ақшасын қайтармаған.