Архив событий

07/09/2016

«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялау туралы хабарландыру

07/09/2016

«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялау туралы хабарландыру

Конкурсқа қатысушылардың барлығына қойылатын біліктілік талаптары:

Пробация қызметкерлерімен семинар өтті

07/09/2016

Тасқала аудандық сотында пробация қызметкерлерінің қатысуымен «Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны орындауды»  тақырыбында семинар өтті.

Мәжбүрлеп алу туралы талап қанағаттандырылды

07/09/2016

Казталов ауданының №2 аудандық соты «Батыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ-нің жеке кәсіпкерге берілген егістік жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыз бойынша азаматтық істі қарады.

Медиацияның көмегімен отбасы сақталды

07/09/2016

Қаратөбе аудандық соты неке бұзу туралы азаматтық істі медиация тәртібімен қысқартты.

Өзінің талап арызында талапкер жауапкермен 1996 жылы неке құрып, ортақ некеден екі бала тәрбиелеп отырғанын, алайда ортақ түсіністіктің болмауынан некесі жараспағанын көрсеткен. Ортақ шаруашылықтың жүргізілмейтінін, ортақ мүлікті бөлу және балаларды тәрбиелеу туралы даудың жоқтығын ескеріп, некені бұзуды сұраған.

Жыл сайынғы төлем мерзімін бұзған

07/09/2016

Қаратөбе аудандық соты этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзған жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

07/09/2016

Казталов  аудандық  соты  ҚР ӘҚБтК 461- бабымен (ішкі істер органымен шығарылған қорғау нұсқамасын бұзу) әкімшілік істі қарады.

Сотта істі қарау барысында анықталғандай, Казталов аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері құқық бұзушыға қатысты  қорғау нұсқамасын толтырған.

Ортақ орынды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

07/09/2016

Казталов аудандық соты ӘҚБтК-нің 434 б. 1 б. (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік істі қарады.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Казталов ауылының көшесінде сыраның бос шынысын  лақтырып, ортақ пайдалану орнын ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдірген.

Алкогольдік масаң күйде көлік жүргізгені үшін көлік құралын басқару құқығынан айрылды

07/09/2016

Бөрлі аудандық сотында ӘҚБтК 608-бабы 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беруі) бойынша құқықбұзушыға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Орал қалалық сотының қызметкерлері облыстық балалар ауылына болды

07/09/2016

Балалардың өмірі уайымсыз бақытты болу керек. Ата-анасыз қалған келешек ұрпақты отбасылық жылулықпен және махаббатпен бөлеу -  барлық қоғам мен  мемлекеттің негізгі міндеті.

Орал қалалық сотының мамандары Облыстық балалар ауылындағы  ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалармен кездесті.

Масаң күйінде көлік жүргізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

07/09/2016

Орал қалалық сотын жол көлік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қарады.

2016 жылдың  шілде айында сотталушы көлікті басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, мас күйінде мотоцикл жүргізген. Медициналық куәландыру қорытындысына сай жүргізушінің «жеңіл дәрежелі» алкогольді масаң күйінде болғаны анықталды.