Архив событий

08/09/2016

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты іс қысқартылды

08/09/2016

Жаңақала аудандық соты ҚР ӘҚБК-нің 608 б. 1 б. жинақталған жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғануына қатысты әкімшілік істі қарады.

Істің хаттамасына сәйкес, ағымдағы жылдың маусым айында Жаңақала ауданы Борық ауылында құқық бұзушы автокөлікті алкогольдік мас күйде басқарған уақытта полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

08/09/2016

Аудан тұрғыны жұбайының өзін ұрып-соққанын, осыған байланысты оны ҚР ҚК-нің 109-бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартуын сұрап, Жаңақала аудандық сотына жүгінген.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы Жаңақала ауданы Жаңақала ауылында көше бойында араларындағы келіспеушілікті себеп қылып жәбірленушіні ұрып-соғып, тән ауруын келтірген.

Дау медиация тәртібімен шешілді

08/09/2016

Жаңақала аудандық сотында азаматтар арасында медиация институтын кеңінен насихаттау мақсатында түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Сот талқылауын өткізу барысында тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеу құқығы түсіндіріледі.

Татуласу рәсімдері бойынша істерді қарау

08/09/2016

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген ҚР Азаматтық процестік кодексіне сәйкес, судьяға іс жүргізуіндегі азаматтық іс бойынша медиацияны қолдану мүмкіндігі берілді.

Мас күйінде көлік жүргізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

08/09/2016

Бөрлі аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346 б. 1 б. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы мас күйінде автокөлікті басқарғандығы үшін ҚР ӘҚБтК 608 б. 1 б. бойынша Бөрлі ауданының мамандандырылған әкімшілік сотының 2015 жылдың 13 наурыздағы қаулысымен көлік құралдарын басқару құқығынан 3 жылға айырылған.

Полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған

08/09/2016

Билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін қылмыстық жаза қарастырылған.

Казталов аудандық сотында ҚР ҚК-нің 378 б. 1 б. және 379 б. 1 б. қылмыстық ісі қаралды.

ҚР-ның көші-қоны заңнамасын бұзған үшін қамауға алынды

08/09/2016

Зеленов  аудандық №2 соты Ішкі істер органдарында көші – қон карточкасын толтырған уақытында Қазақстан Республикасы аумағына келу мақсатына, жеке мақсатын көрсетіп, құрылыс жұмыстарымен айналысқан Өзбекістан Республикасының азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Жеке айыптау іс бойынша үкім шығарылды

08/09/2016

Тасқала аудандық сотында ҚР ҚК-нің 108-бабына сәйкес  жеке айыптау бойынша қылмыстық іс  қаралды.

Іс материалына сәйкес, жеке айыптаушы мен сотталушы арасында  туындаған кекілжің жанжалға ұласып, денсаулығына жеңіл зиян келтірген.

Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін әкімшілік қамаққа алынды

08/09/2016

Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде сот алдында барлығы тең деген конституциялық қағиданы ұстау мақсатында сотты құрметтемеуге жауапкершілік шарасы қолданылады. Сотты құрметтемеушілік көрсеткен кезде кінәлі тұлға Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны атап көрсетілген.

Әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталды

08/09/2016

Зеленов ауданының №2 соты ҚР ҚК 130 б. 2 б. (жала жабу) бойынша  қылмыстық істі қарады.

Іс материалдарына сәйкес, Батыс Қазақстан обылысы Зеленов ауданы Мичурино ауылының тұрғыны ҚР ҚҚ 130 б. 2 т. бойынша көршісін қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сотқа жеке айыптау шағымын түсірген.