Архив событий

06/09/2016

Cот мамандарымен семинар сабағы өтті

06/09/2016

Жәнібек аудандық сотында аудандық сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының соттарында бейнеконференциялық байланыс жүйесін пайдалана отырып сот отырыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдары бекіту туралы» семинар сабағы өтті.

Іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

06/09/2016

Жәнібек аудандық соты «Жәнібек Саулет» ЖШС-нің  90997 теңге берешекті және 2730 теңге мемлекеттік бажды  өндіріп беру   туралы  азаматтық істі оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарады.

Орал қаласының №2 сотының судьялары балалар ауылында болды

06/09/2016

Жетім балаларға және ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға әлеуметтік-патронаттық көмек көрсету мақсатында, Орал қаласының №2 сотының төрағасы Мұрат Иманбаев және судьялар Раушан Исабекова, Асланбек Дюсингалиев, Әуезхан Баймахан облыстық балалар ауылында болып қайтты.

8 айдың қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты өтті

06/09/2016

Зелёнов аудандық сотында 2016 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты өтті.

Шара барысында сот төрағасы М.Шингалиев соттың жылдық жұмысы жөнінде баяндап, түскен және қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің статистикалық мәліметтерін өткен жылмен салыстырмалы түрде атап өтті.

Заңнама талаптарын қайталап бұзған

06/09/2016

Қаратөбе аудандық соты ҚР ӘҚБтК-ің 434-бабының  2-бөлігі бойынша әкімшілік істі қарады.

Іс материалдарына сай, Қаратөбе ауылының тұрғыны алкогольдік ішімдік ішкен күйінде жәбірленушіні балағаттап, ар намысына тиетін сөздер айтып, ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігінде көзделген ұсақ бұзақылық әрекетін бір жыл ішінде екі рет қайталап жасаған.

Көші-қон заңнамасын бұзу үшін жауапкершілкке тартылды

06/09/2016

Теректі аудандық соты Өзбекістан Республикасының екі азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша – шетелдiктiң Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы белгілерімен әкімшілік істер қарады.

Заңдастыру келісім шарты бұзылды

06/09/2016

Теректі аудандық №2-ші соты жеке үйге қатысты заңдастыру келісім шартын заңсыз деп тану және мемлекеттік тіркеуін бұзу туралы талап арызды қарады. 

Нұсқаманы орындамағаны үшін қызметі тоқтатылды

06/09/2016

Қаратөбе аудандық соты Қаратөбе ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйғарымын орындамаған Шөптікөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасының директорына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

ҚР-ның көші-қоны заңнамасын бұзушыға айыппұл салынды

06/09/2016

Зеленов  аудандық №2 соты ҚР ӘҚБтК-нің 517 б. 2 б. бойынша (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) Ресей Федерациясының азаматша қатысты әкімшілік істі қарады.

Дау медиация тәртібімен реттелді

06/09/2016

Ақжайық аудандық соты талапкердің жер телімінен заңсыз шөбін шауып алғаны үшін келтірілген материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық істі қысқартты.

Мемлекеттік билік институтына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар

06/09/2016

Зеленов аудандық соты ағымдағы жылдың 8 айында «мемлекеттік билік институтына қол сұғатын әкімшілік  құқық бұзушылықтар» 33-тарауы бойынша  құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға қатысты 11 әкімшілік іс қарады.

Көлік салығы бойынша берешекті өндіру

06/09/2016

Зелёнов аудандық соты өндіріп алушы «Зелёнов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің борышкерлерден көлік салығы бойынша берешектерін өндіру туралы  арыздары бойынша 2016 жылдың 8 айында 159 азаматтық ісін қарады.

Борышкерлерге салық заңнамасын бұзуды жою туралы хабарламалар уақытылы тапсырылған, алайда берешектер төленбеген.

Жүргізу куәлігінсіз көлік басқарғаны үшін қамауға алынды

06/09/2016

Теректі аудандық №2-ші соты Ақжайық ауылының тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде және көлік құралдарын басқару құқығы жоқ кезінде жасағаны үшін) жинақталған әкімшілік іс қарады.

ҚР-ның көші-қоны заңнамасын бұзған үшін әкімшілк қамауға алынды

06/09/2016

Зеленов аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 517 б. 4 б. бойынша (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) Ресей Федерациясының азаматына қатысты әкімшілік істі қарады.    

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты сегіз айда 695 азаматты көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырды

06/09/2016

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты  осы жылдың сегіз айында көлік құралдарын алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде басқарған азаматтарға қатысты 766 әкімшілік істі қарады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс тараптардың татуласуына байланысты өндірістен қысқартылды

06/09/2016

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты мас күйінде жанжал туындатып, әйеліне балағат сөздер айтып, оған сыйламаушылық білдіріп, отбасының тыныштығын бұзған азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Сот отырысында жәбірленуші құқық бұзушымен татуласуына байланысты істі өндірістен қысқартуды сұрады.