Мұраны иесіз деп тану туралы 4 азаматтық іс қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тасқала аудандық соты  Тасқала ауданы Әкімінің қайтыс болған 4 азаматтың мұраларын иесіз деп тану туралы талаптары  бойынша азаматтық істерді  қарады.

Тасқала ауданының Әкімі қайтыс болған  азаматтар Карташовтың, Каратаевтың, Тапахованың, Конарованың  «Қазпошта» АҚ-ның жеке есеп шотындағы  жалпы сома 121 836   теңгені ақшалай мұра реттінде тану туралы арыздарымен  сотқа жүгінді.

 Бұл азаматтар қайтыс болғанға дейін «Қарттар және мүгедектердің жалпы түріндегі медициналық-әлеуметтік мекеме» ММ-де тұрған. Олардың  «Қазпошта» АҚ-ның жеке есеп шотында зейнетақыларынан  121 836 теңге көлемінде ақща жинақталған. Батыс Қазақстан облысының нотариалдық палатасынан келіп түскен жауап бойынша олар қайтыс болғаннан кейін мұрагерлікке қатысты іс тіркелмеген.

ҚР-ның АК-нің 1083-бабына сәйкес, Мұра ету заң бойынша мұрагерлер жоқ болып танылды. Иесіз мүлік мұра ашылған жер бойынша коммуналдық меншікке өтеді.

Сот жоғарда аталған заңды негізге ала отырып, 4 азаматтың мұраларын  иесіз деп тану туралы арыздарды қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі