Орал қалалық сотында сот ғимараттарына өткізуді қамтамасыз ету тәртібінің ережесі талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қалалық сотында «Батыс Қазақстан облысының аудандық және оған теңестірілген соттарының ғимаратына өткізу және объектілік режимді қамтамасыз ету тәртібі туралы» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға Орал қалалық сотының кеңсе меңгерушісі С.Кайсарова, сот приставтары және Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері қатысты. 

Шара барысында қатысушылар «Батыс Қазақстан облысының аудандық және оған теңестірілген соттарының ғимаратына өткізу және объектілік режимді қамтамасыз ету тәртібі туралы» ережесінің, «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы», «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңдарының талаптарын орындау; қызметтік міндеттерді адал атқару, объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы мәселелерді талқылады.

Семинар сабақ аясында жұмыс барысында туындаған сұрақтар  талқыланды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі