Архив событий

15/09/2016

Статистикалық деректерді қалыптастыру бағдарламасын зерделеу бойынша семинар өтті

15/09/2016

Ақжайық аудандық сотында ҚР БП ҚС және АЕАК-нің БҚО бойынша Ақжайық және Жаңақала аудандары бойынша басқарманың аға прокуроры Н. Жағыпаровтың және Ақжайық, № 2 Ақжайық, Жаңақала аудандық соттарының мамандарының қатысуымен «ББСЖ  ААЖ»  статистикалық деректер бағдарламасымен жұмыс жасау тәртіптерін зерделеу» тақырыбында семинар сабағы өтті.

«Сот кабинеті» ақпараттық сервисі бойынша семинар өтті

15/09/2016

Бөкей ордасы аудандық сотында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі тақырыбында семинар өтті. Семинарға аудандық ІІБ-нің, «Халыққа қызмет көрсету» орталығының, Мемлекеттік кірістер басқармасының, Әділет басқармасының және аудандық сот қызметкерлері қатынасты.

Аудандық соттағы семинар сабағы

15/09/2016

Ақжайық аудандық №2 соты «Бейнеконференциялық жүйесін пайдалана отырып сот отырыстарын өткізу» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Мекеменің талабы ішінара қанағаттандырылды

15/09/2016

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мемлекеттік мекеменің ЖШС-не күрделі жөндеу туралы шарт бойынша берілген кепілдік шегінде анықталған ақаулықтарды жоюды міндеттеу туралы талап арызы бойынша іс қарады.

Туыстық қатынастығы анықталды

15/09/2016

Сырым аудандық соты туыстық қатынас фактісін анықтау туралы азаматтық ісін қарады.

Арыз беруші  қайтыс болған азаматшаның өзінің анасы екенін анықтауды сұрап, сотқа жүгінген. Арыз берушіге бұл фактіні анықтаудың заңдылық салдары, мұраға құқықты ресімдеу үшін қажет.

Нұсқаманы орындамағаны жауаптылыққа тартылды

15/09/2016

Сырым аудандық соты Сырым ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйғарымын орындамаған Қазақстан ауылдық жалпы орта білім беретін мектебінің  директорына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Коммуналдық қызметтер үшін берешекті өндіру туралы талап арыз бойынша 8 азаматтық іс жеңілдетілген іс-жүргізу тәртібімен қаралды

15/09/2016

Теректі аудандық соты өткен аптада «БатысЭнергоресурсы» ЖШС-нің  және «Қазақтелеком» АҚ  көрсетілген қызметтер үшін берешекті өндіру туралы талап арызы бойынша сегіз азаматтық істі жеңілдетілген іс-жүргізу тәртібімен қарады.

Балық аулау және балық ресурстарын қорғау қағидасын бұзғаны үшін айыппұл төледі

15/09/2016

БҚО Казталов ауданының №2 соты ҚР ӘҚБтК 383-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.

Әкімшілік құқықбұзушылық хаттмасына сәйкес, полиция қызметкерлері  құқық бұзушыны балық аулауға тыйым салынған мерзімде, Үлкен өзен өзенінде балық аулауға тыйым салынған құралдар-құрма аумен балық аулап жатырған жерінен ұстаған.