Кассациялық сатыда қаралған істердің қорытындысына шолу жасалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотында облыстық, аудандық және  оған теңестірілген соттардың судьяларының қатысуымен «Кассациялық сатыда қылмыстық істерді қарау тәжірибесі» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Семинарды облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының  төрағасы М.Нағашыбаев алғы сөзбен ашты.

Семинарда облыстық соттың судьясы Н.Ділдәбеков 2016 жылдың тамыз айының 2, 9, 16, 23 күндері кассациялық сатыда қаралған істердің қорытындысына шолу жасады. Сонымен бірге, 2016 жылдың шілде айының 19 және 26 күндері, қыркүйек айының 1 күні кассациялық сатыда қаралған істердің қорытындысына облыстық соттың судьясы Г.Миниус шолу жасады.

Семинарға қатысушылар аталған тақырып бойынша қаралған істердің қорытындыларын талқылады.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: