Архив событий

09/09/2016

«Өкілетті органның табиғи монополиялар саласындағы сотқа жолдайтын әкімшілік және азаматтық істерін қарау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

09/09/2016

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық сотында «Өкілетті органның табиғи монополиялар саласындағы сотқа жолдайтын әкімшілік және азаматтық істерін қарау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

«Қызметкерлердің құқығын қорғаудағы еңбек инспекциясының рөлі»

09/09/2016

Батыс Қазақстан облыстық сотында облыстық соттың, БҚО МАЭС, Орал қ. МӘС, Орал қаласының №2 соты судьяларының, еңбекті қорғау жөніндегі Инспекция басшысының, Батыс Қазақстан облысы және Орал қ. прокуратурасы қызметкерлерінің қатысуымен «Қызметкерлердің құқығын қорғаудағы еңбек инспекциясының рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Облыстық сотында жалған кәсіпкерлік туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері талқыланды

09/09/2016

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық сотында «ҚР Жоғары Сотының кейбір нормативті қаулыларына өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» ҚР Жоғары Сотының 07.07.2016ж. №5 нормативті қаулысын талқылау»  тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Орал қалалық сотымен қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы басшысына қатысты сот үкімі жарияланды

09/09/2016

Орал қалалық соты Орал қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы басшысына қатысты сот үкімі жариялады.

М.Арыспаев «Батыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Орал қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» ММ-нің басшысы лауазымында, сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыс жасады.    

Аудандық сотта өткен семинар сабағы өтті

09/09/2016

Жаңақала аудандық сотында судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының соттарында бейнеконференциялық байланыс жүйесін пайдалана отырып сот отырыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдары бекіту туралы» семинар сабағы өтті.

Аудандық сотта статистикалық деректер бағдарламасы бойынша семинар сабағы өтті

09/09/2016

БҚО Зеленов ауданының прокуратурасында ҚР БП ҚС ж АЕАК-нің БҚО бойынша Зеленов және Тасқала аудандары бойынша басқарманың қызметкерлерінің және аудандық соттарының кеңсе қызметкерлерінің қатысуымен «ББСЖ  ААЖ»  статистикалық деректер бағдарламасымен жұмыс жасау әдістерін үйрену» тақырыбында семинар сабағы өтті.

«Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» тақырыбында уәкілетті органдарына арналған дөңгелек үстел өтті

09/09/2016

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

«Татуластыру рәсімдеріне байланысты қылмыстық істер бойынша сот тәжірибесін талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

09/09/2016

Батыс Қазақстан облыстық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 07.07.2016 №4 «Соттардың қылмыстық істерді келісімдік өндірісінде қарау тәжірибесі туралы" нормативтік қаулыларын талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Кәсіби емес медиаторлармен кездесу өтті

09/09/2016

Облыстық сотының судьялары Н.Ділдабеков пен Ә.Ахметов Теректі ауданының №2-ші сотында болып, Ақжайық ауылының кәсіби емес медиаторлары В.Жиренова, Ш.Максутов және А.Бакишевпен кездесу өткізді.

Өндірістік қауіпті нысандар кемшіліктері жойылғанға дейін тоқтатылды

09/09/2016

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық  сотымен талапкер «Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі индустриялық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің БҚО бойынша департаменті» РММ-нің жауапкер «КазАрмаПром» ЖШС-нің қысымда жұмыс жасайтын қазандықта орнатылған бу жіберетін қазанды, тетіктерді, компрессорда орнатылған крандарды, өндіріске даярлау цехында орнатылған бөрененің пайдаланылуын тоқтату туралы азаматтық ісі қаралды.

Медиация тәртібімен отбасы сақталды

09/09/2016

Зеленов ауданының №2 аудандық сотымен неке бұзу туралы азаматтық іс медиативтік келісімін бекітуімен қысқартылды.

Іс материалдарына сәйкес, талапкер  неке бұзу туралы талап арызымен сотқа жүгініп,  арызында жауапкермен мінездері үйлеспегені, мүліктік даулары жоқтығы көрсетіп некені бұзуды сұраған.

Орал қалалық сотында сот актілерін орындау туралы семинар сабағы өтті

09/09/2016

Бүгін Орал қалалық сотында сот отырысы хатшыларының қатысуымен «Қылмыстық істер мен материалдар бойынша сот актілерін орындауға жолдау» тақырыбында семинар сабағы өтті.

 Сот актілерін, атқарушылық құжаттарды  Нұсқаулықтарға сай орындау, орындауға жолдау тәртібі талқыланды. 

Аудандық сотта статистикалық деректер бағдарламасы бойынша семинар сабағы өтті

09/09/2016

Казталов аудандық сотында ҚР БП ҚС ж АЕАК-нің БҚО бойынша Жәнібек және Бөкей ордасы аудандары бойынша басқарманың аға прокуроры Е.Б.Ақбаевтың және кеңсе қызметкерлерінің қатысуымен «ББСЖ  ААЖ»  статистикалық деректер бағдарламасымен жұмыс жасау әдістерін үйрену» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Тараптар дауды медиация арқылы реттеді

09/09/2016

Шыңғырлау аудандық соты заңсыз иеленген мүлікті қайтару  туралы талап бойынша азаматтық істі қарады.

Сотта анықталғандай, талапкер мен жауапкер арасында дау тіркеусіз және сенімхатсыз,  ауызша келісім жасау арқылы сатылған көлік негізінде туындаған.  

«Гендерлік саясат» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

09/09/2016

Шыңғырлау аудандық сотында «Гендерлік саясат» тақырыбы аясында дөңгелек үстел өтті.  

Дөнгелек үстелге 11 мемлекеттік емес ұйым өкілдері  мен медиаторлардың, сонымен қатар «Серпін» редакциясының тілшісі Т.Г.Кишкинаның, Ішкі саясат басқармасының өкілі С.Е.Байтеновтың қатысты.

Көлік құралы салығын өндіру туралы 4 азаматтық іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

09/09/2016

Казталов аудандық сотына «Казталов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің жауапкерлерден көлік құралы салығын өндіру туралы талап арыздарымен жүгінген.

Іс құжаттарынан көрінгендей, жауапкерлер құралына салынатын міндетті салықты уақытында төлемеген.

Сот медиациясы жүргізу арқылы отбасы сақталды

09/09/2016

Сырым аудандық соты некені бұзу туралы азаматтық іс бойынша медиация келісімін бекітті.

Талапкер жауапкермен  арадағы некені бұзу туралы талап арызымен сотқа жүгініп, өз талабында жұбайы отбасына материалдық жағдай жасамйтындығын көрсеткен. Қазіргі уақытта мінез-құлықтарының келіспеушілігіне байланысты бірге тұрмайды. Ортақ некеден үш балалары бар.

Бала тәрбиесіндегі міндеттерін орындамаған ата-анаға қатысты әкімшілік іс

09/09/2016

Сырым аудандық соты ӘҚБтК-нің 127 б. 1 б. бала тәрбиесі бойынша ата-аналық міндеттерін орындамау жөніндегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы жасы кәмелетке толмаған ұлының колледждегі сабақтарға себепсіз қатыспағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мекеменің талабын қанағаттандырудан бас тартылды

09/09/2016

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мемлекеттік мекеменің ЖШС-не автомобиль жолдарын күрделі жөндеу туралы шарт бойынша берілген кепілдік шегінде анықталған ақаулықтарды ақылға сыйымды мерзімде жоюға мәжбүрлеу туралы талап арызымен іс қарады.

Нұсқаманы орындамағаны үшін жауаптылыққа тартылды

09/09/2016

Сырым аудандық соты Сырым ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйғарымын орындамаған Тоғанас ауылдық жалпы орта білім беретін мектебінің  директорына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Туыстық қатынастығы анықталды

09/09/2016

Сырым аудандық соты туыстық қатынас фактісін анықтау туралы азаматтық ісін қарады.

Арыз беруші  кәмелетке толмаған ұлының мүддесі үшін қайтыс болған азаматтың ұлының әкесі екенін анықтауды сұрап, сотқа жүгінген. Арыз берушіге бұл фактіні анықтаудың заңдылық салдары, мұраға құқықты ресімдеу үшін қажет.

Әкімшілік құқықбұзушылық үшін жаза тағайындалды

09/09/2016

Бөкей ордасы аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі іс қарады.

Іс материал бойынша Бисен ауылының тұрғыны ішімдік ішкен күйінде көршісін балағаттап, жеке тұлғаға құрметтемеуді білдіретін іс-әрекет жасаған.