Мүлкі тәркіленіп, айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зеленов ауданының №2 соты ӘҚБтК-нің 282 бабы 3 бөлігі 7 тармақшасымен әкімшілік іс қарады.

Іс құжаттары бойынша, жеке кәсіпкер – оған тиесілі  Зеленов ауданы Дариян ауылында орналасқан тамақ дүкенінде, этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзып, алкоголь өнімдерін ілеспе құжаттарынсыз сақтаған.

Сот құқық бұзушыны ӘҚБтК-нің 282 бабы 3 бөлігі 7 тармақшасымен айыпты деп танып, оған алкоголь өнімдерін тәркілеумен 75 АЕК – 159 075 теңге  мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі