Жұмыс беруші еңбек ақы бойынша берешкті өндіру туралы талапты мойындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қаласының №2 соты, талапкер Тищенконың АҚ «Орал қаласының Металлконструкторлық және мырыш-қаптау  заводынан» еңбек ақыны өндіру туралы талап арызын қарады. Талапкер жауапкермен 01.01.2008 жыл мен 05.01.2015 жылдары аралығында заңгер кеңесші қызметінде еңбек қатынасында тұрғандығын негіздеп сотқа жүгінді.

01.04.2012 ж. 31.12.2014 жылдары аралығында талапкерге жауапкер еңбек қатынасы шартына сай жалақысын төлемегендігін, сонымен қатар жауапкердің мүлкіне тиым салынған. Сол себептен талапкер жауапкерден 668 250 теңгеден құралатын еңбек ақысын өндіруді сұрайды.

Еңбек Кодексі 113 б. 1 т. сай, жалақы ҚР-ның ұлттық валютасында ақшалай нысанында белгіленеді және айына бір реттен сирекпен келесі айдың бірінші он күндігінен кешіктірілмей төленеді. Жалақы төленетін күн еңбек шартынды көзделеді. Жалақы төленетін күн демалыс немесе мереке күндеріне тура келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі. Еңбек шарты тоқталған кезде жұмыс берушіден жұмыскерген тиіселі сомаларды төлеу ол тоқтатылғаннан кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктерілмей жүргізіледі. 

Сот отырысы барысында еңбек ақы туралы анықтамада көрсетілгендей, 2012 жылдың сәуір айынан бастап, 2014 жылдың жедтоқсан айына дейін жауапкер талапкерге 668 250 теңгені құрайтын еңбек ақысын төлемеген. Аталған сомаға жауапкер өкілі келісіп, ол туралы сотқа арыз жазды.

ҚРның Азаматтық процесуалдық кодекстің 171 б. 2 т. мен 4 т. сай,сот отырысы барысында жауапкер талап арызды мойындаған кезде, сотты қандайда бір құжаттарды анықтауды босатады. 

Талапкердің АҚ «Орал қаласының Металлконструкторлық және мырыш-қаптау  заводынан» 668 250 теңгеден құралатын еңбек ақыны өндіру туралы талап арызын қанағаттандыру туралы шешім шығарды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі