Архив событий

11/03/2015

Талап арыз қанағаттандырылды

11/03/2015

Жаңақала аудандық соты талапкер "Орал" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы" Ұлттық компаниясы" Акционерлік қоғамының жауапкерден берешекті өндіру туралы азаматтық ісін қарады.

Соттың шешімімен ортақ мүліктен өз үлесін алды

11/03/2015

Жаңақала аудандық соты ортақ мүліктен үлестің құнын ақшалай өндіу туралы азаматтық істі қарады.

Іс материалдарынан мәлім болғандай,  талапкер 2009 жылдан жауапкермен заңды некеге тұрып, сол некеден екі баласы дүниеге келген. 2013 жыл ерлі-зайыптылар жер телімімен үй сатып алып, жұбайының атына рәсімдеген.

«Күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды

11/03/2015

Ақжайық аудандық №2 соты  ҚК 188 б. 3 б. ірi мөлшерде ұрлық жасады деп айыпталған Д. қатысты «күзетпен ұстауға» санкция беру туралы  өтінішін қарады.

Іс материалдарынан анық болғандай, шаруа қожалығының жетекшісі өзінің жұмысшысымен алдын ала сөз байласып, 2014 жылдың шілдесінен желтоқсанына дейін, Ақжайық ауданы, Ақсуат ауылдық округі тұрғынының «Жамбыл» шаруа қожалығының өрісінде еркін жайлыста жүрген жылқыларын бірнеше рет ұрлаған.

Есірткімен масаю күйінде көлік жүргізген

11/03/2015

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 2015 жылдың 20 ақпанында шамамен сағат 15.00-де «OpelAstra» маркалы автокөлігін марихуана каннабиноид есірткісіне масаю күйінде басқарған, азамат А.А.Мустафинге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды..

Сот отырысында құқықбұзушы 20 ақпанда шамамен сағат 15.00-де «Opel Astra» маркалы автокөлігін есірткімен масаю күйінде басқарғанын, ал бұдан екі күн бұрын марихуана шеккенін мойындады.

21 жасқа толмағандарға алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынған

11/03/2015

Орал қаласында орналасқан дүкенде үстіміздегі жылдың 16 ақпанында жасы 21 жасқа толмаған, 1996 жылғы тұлғаға алкоголь өнімін сатқан. Осыған байланысты Абай полиция бөлімімнің кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі участкелік полиция инспекторы ҚР ӘҚБтК-нің 200 б. 1 б. көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін «К» ЖК-не қатысты әкімішілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған.

Дау бітімгершілікпен бітті

11/03/2015

Бөрлі аудандық сотының қаулысымен ҚР ҚК-нің 109 бабы бойынша қылмыстық іс ҚК-нің 68 б. 1 б. сәйкес жәбірленушінің сотталушымен медиация тәртібімен татуласуына байланысты өндірістен қысқартылды.

Ерлі-зайыптылар  ажырасқандарымен бір пәтерде тұрып жатқан. Мамыр айының бір күні бұрынғы жұбайы мас күйінде үйге келіп, араларында ұрыс шығып, салдарынан бұрынғы әйелі жәбірленушінің бетіне көптеген жарақаттар келтірген.

Қолхат беріп, ақша алған

11/03/2015

Бөрлі аудандық сотына бережақ соманы және мемлекеттік бажды өндіру туралы талап арызымен аудан тұрғыны жүгінген.

Іс материалдары бойынша, жауапкер қолхат бойынша талапкерден 10 000 теңге алған. Жауапкер қарызын алты айдан кейін қайтарып беруді міндетіне алғанымен, бүгінге дейін талапкер өзінің ақшасын ала алмаған соң сотқа жүгінуге мәжбүр болған.

Сот отырысында жауапкер талап арызды мойындады және материалдық қиыншылықтарға байланысты уақытында борышты қайтара алмағанын көрсетті.

Есірткі затын өткізу мақсатынсыз сақтаған

11/03/2015

Бөрлі аудандық сотында ҚР ҚК-нің 296 б. 2 б. азамат С-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы  іс қаралды.

Іс материалдарына сәкес, ағымдағы жылдың 4 қаңтарында, Ақсай қаласы теміржол вокзалының бойында азамат С. полиция қызметкерлері ұстап, тексеру барысында оның күртесінің сыртқы оң қалтасында, өткізу мақсатынсыз 49.75 грамм кептірілген марихуананы заңсыз иемденіп, сақтаған полиэтилен пакеті анықталған.

Бұлтартпау шарасы қолданылды

11/03/2015

Орал қалалық соты қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыс жасаған азаматқа қатысты бұлтартпау шарасын қолданды.

8 наурызы күні «Атриум» сауда үйінің жанында азамат Асанов тапаншадан екі рет атып, оның біреуі жәбірленушінің аяғына тиген.

Асановтың әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 293б. 3б. 2 т.   сараланып, оған қатысты  айлық есептік көрсеткіштің 500  еселенген мөлшерінде «кепіл» түріндегі бұлтартпау шарасы  қолданылды.