Архив событий

12/03/2015

Тонауға әрекет жасаған

12/03/2015

 

Орал қалалық сотында кафе қызметкерін тонауға әрекет жасаған азаматқа қатысты үкім жарияланды.

2015 жылдың  8 ақпанында Имагамбетов мас күйінде  кафеге кіріп, ішінде жәбірленушіден басқа ешкім болмағанын пайдаланып, кафе қызметкерінің  тамағынан қысып, бетінен соғып,   кассадан ақша, арақ пен темекі беруін талап еткен.  Жәбірленуші айқайлап, көмекке шақырғанынан қорққан сотталушы оқиға орнынан қашып кеткен.

Көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізуші ұсталды

12/03/2015

 

Бөрлі аудандық сотында Пугачев ауылының тұрғыны азамат  С.-ға қатысты  қылмыстық теріс қылық жасағаны айыптау бойынша сот процессі өткізілді.

Іс материалдары бойынша, жол полициясының қызметкерлері азамат С. басқаруда отырған көлік құралы тоқтатқан. Тексеріс барысында жүргізуші орташа дәрежедегі алкоголь ішкен күйінде автокөлігін басқарғаны анықталып, көлік құралын  басқару құқығынан үш жыл мерзіміне айырылғанына қарамастан, «Ваз-2121». маркалы автокөлікті жүргізген.

Еңбек дауы

12/03/2015

 

Талапкер «Теректі аудандық білім беру бөлімі»  ММ-не жұмысқа қайта орналастыру, 19.01.2015 жылғы №3 жұмыстан босату туралы бұйрығын, жұмыс берушінің белгісіз уақытқа дейін жазбаша еңбек шартын жасауға міндеттеуін заңсыз деп тану туралы талап арызымен сотқа жүгінді.

Сотта істі қарау барысында талапкерге қатысты барлық бұйрықтарды жұмыс берушінің бұзыған, сол себептен дауласуға негіз жоқтығы анықталған.

Теректі аудандық сотының шешімімен арызы қанағаттандырусыз қалдырылды. 

Талап арыз ішінара қанағаттандырылды

12/03/2015

 

Талапке жауапкерден материалдық және жол апаты салдарынан келтірілген моралдық залалды және сот шығындарын өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінген.

Іс материалдарынан мәлім болғанындай, жол-көлік апаты салдарынан  талапкердің жұбайы қайтыс болған.

«Дипломмен - ауылға» бағдарламасының шартарын бұзған

12/03/2015

 

Казталов ауданының №2 сотында талапкер «Казталов ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің талап арызы бойынша аз. Г. бюджеттік несиені бюджет есебіне қайтару туралы азаматтық ісі қаралды.            

Талапкер «Дипломмен ауылға» бағдарламасының шартын бұзғаны үшін, оған  тұрғын үй сатып алу үшін 0,01%- бен берілген 2 188 963 теңге бюджеттік несиесін бюджет есебіне кері қайтаруды сұраған.

Қазақстан аумағынан шығарылды

12/03/2015

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ағымдағы жылдың ақпан айында Ресей Федерациясының азаматтығын алған, алайда Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген мерзім ішінде РФ азаматтығын алғандығы жөнінде ішкі істер органдарына хабарламағаны үшін және ҚР азаматының төлқұжаты мен жеке куәлігін тапсырмағаны үшін әкімішілік жауаптылыққа тартты.

Елден шығудан жалтарғаны үшін қамауға алынды

12/03/2015

Тасқала аудандық сотында Қазақстан Республикасында мекендеу ережелерын  бұзып, тіркелген кезде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзімнен кейін, 3 тәулік ішінде елден  шығудан жалтарған  Ресей Федерациясының азаматы Нигмановқа қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Тасқала аудандық сотының қаулысымен Ресей Федерациясының азаматы ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабының 4 бөлігімен қарастырылған құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 тәулікке қамауға алынды.