Архив событий

17/03/2015

Батыс Қазақстан облыстық сотының судьялары тәжірибелік көмек көрсету мақсатында аудандарға шықты

17/03/2015

17 наурызда  Батыс Қазақстан облыстық сотының  судьялары Е.Н.Боранбаев пен М.С.Бақтығұлов  тәжірбиелік  көмек  көрсету  мақсатында Қаратөбе аудандық сотының  ғимаратында аудандық сот қызметкерлерінің сонымен қатар, аудан прокуроры  Р.М.Сабыровтың, АІІБ бастығы С.Б.Нұрмағанбетовтың, АІІБ бастығының орынбасары Н.С.Шамғалиевтің, мемлекеттік кіріс басқармасының басшысы А.Т.Жоламановтың, Қаратөбе аудандық әкімі  аппаратының ұйымдастыру бақылау бөлімінің меңгерушісі Қ.Қабиевтың қатысуларымен дөңгелек үстел өткізді.

Жаяу жүргінші – жол қозғалысына қатысушы тұлға

17/03/2015

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сот отырысында К-ның көлік құралын басқара отырып, жаяу жүргінші жолынан өтіп бара жатқан, кәмелетке толмаған Б-ны қағып кетіп, оның денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтіргені анықталды.

Сот құқықбұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартып, 15 АЕК мөлшерінде 29 730 теңге айыппұл салды және 1 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырды.  

Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

17/03/2015

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылған, 1949 жылы дүниеге келген азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сот талқысында анықталғандай, құқықбұзушы А. базарда бұрынғы жұбайына былапыт сөздер айтып, жанжал шығарған.  Бұл жағдайды арызданушы сот отырысында қуаттады.

Сот алпыс үш жастан асқан еркектерге әкімшілік қамауға алу қолданылуға жатпайтынын ескеріп,  аталған бап бойынша әкімшілік айыппұл салды.

 

Дөңгелек үстел басында кездесу өтті

17/03/2015

Бөрлі аудандық сотында қылмыстық теріс қылықтар туралы істер және процестік келісім жасалған істер бойынша іс жүргізу ерекшеліктері тақырыбында өткен дөңгелек үстелге  аудандық соттың судьялары, қорғаушылар, Бөрлі аудандық прокуратурасының және Бөрлі АІІб-нің қызметкерлері қатысты.

Шараны Бөрлі аудандық сотының төрайымы Л.Т.Шамғонова ашып, жүргізді.